26.01.2017, 20:11 6905

Асқар Мамин Байқоӊыр мен Қызылорданыӊ әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарын аралады

А. Мамин "Бәйтерек" қазақстандық-ресейлік жобасын іске асыру барысы туралы есепті тыӊдады, оныӊ аясында Байқоӊыр ғарыш айлағындағы жердегі ғарыш инфрақұрылымын жаӊғырту жоспарланған. Атап айтқанда, "Зенит" ғарыш зымыран кешенін. Сондай-ақ, "Байқоӊыр" кешені нысандарын пайдалануға қатысты жұмыстарды атқару жайы баяндалды.

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

А. Мамин "Бәйтерек" қазақстандық-ресейлік жобасын іске асыру барысы туралы есепті тыӊдады, оныӊ аясында Байқоӊыр ғарыш айлағындағы жердегі ғарыш инфрақұрылымын жаӊғырту жоспарланған. Атап айтқанда, "Зенит" ғарыш зымыран кешенін. Сондай-ақ, "Байқоӊыр" кешені нысандарын пайдалануға қатысты жұмыстарды атқару жайы баяндалды.

2016 жылғы желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Ресейге жұмыс сапары барысында келесі құжаттарға қол қойылған болатын: "Байқоӊыр" кешеніндегі алдағы ынтымақтастық тұжырымдамасы және "1995 жылғы 23 желтоқсандағы Байқоӊыр қаласыныӊ мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудыӊ тәртібі мен олардыӊ мәртебесі туралы мемлекетаралық Келісімге ҚР мемлекеттік органдарыныӊ тізімі бөлігіне өзгерістер енгізу туралы" Хаттама.

"Тұжырымдаманы орындау "Байқоӊыр" кешенін дамыту бойынша Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығыныӊ басымдықты бағыттарын екі мемлекеттіӊ мүдделеріне сай жүзеге асыруға мүмкіндік береді, кешенніӊ одан әрі дамуын перспективалы жоспарлауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жаӊа ортақ ғарыштық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді", - деп баса айтты А. Мамин.

Қызылордаға жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары "Нұр орда" жаӊа шағын ауданында болып қайтты. Мұнда өӊірдегі тұрғын үй құрылысыныӊ барысы туралы есеп берілді. "Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі" бағдарламасы бойынша аталған шағын ауданда 20 көпқабатты үй тұрғызылған.

А. Мамин өӊірдіӊ басты жылумен қамту нысаны - Қызылорда ЖЭО-ныӊ жұмысымен танысып, аталған нысанды жаӊғыртуға байланысты баяндаманы тыӊдады.

Сондай-ақ, Қазақстандағы алғашқы табақ шыны өндіретін зауыттыӊ құрылыс алаӊына барды. Кәсіпорын биылғы жылдыӊ екінші тоқсанында пайдалануға берілетін болады. Мұнда жылына 200 мыӊ тонна табақ шыны, энергия үнемдеуші, күннен қорғайтын және көпфункциялы шыны шығару жоспарда бар.

Сондай-ақ, А. Мамин Сырдария өзенініӊ сол жағалауындағы жаӊа көпірді қарап шығып, сол жақ жағалау аймағыныӊ құрылыс жобасымен танысты.

Жұмыс сапарыныӊ қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Қызылорда облысын дамыту мәселелері жөнінде кеӊес өткізді. Кеӊес барысында өӊір әкімі Қ. Көшербаев баяндама жасады. Ол 2016 жылдағы өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2017 жылы облысты дамыту перспективалары туралы есеп берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны