31.03.2015, 18:23 7046

Искерге шақырылуға міндетті қызметкерлерініӊ тізімін ұсынбаған ҚР компания басшылары мен кәсіпкерлеріне айыппұл салынады

Искерге шақырылуға міндетті қызметкерлерініӊ тізімін ұсынбаған ҚР компания басшылары мен кәсіпкерлеріне айыппұл салынады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Искерге шақырылуға міндетті қызметкерлерініӊ тізімін ұсынбаған ҚР компания басшылары мен кәсіпкерлеріне айыппұл салынады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Хабарда айтылғандай, 2015 жылдыӊ 1 сәуірінен бастап "Искери қызмет және әскери қызметшілердіӊ мәртебесі туралы" ҚР Заӊына, сондай-ақ "Искери қызметтіӊ белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасыныӊ азаматтарын 2015 жылдыӊ сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" ҚР Президентініӊ Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудыӊ көктемгі науқаны басталады, деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетсек, жыл сайын Қазақстанда әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы жасөспірімдер әскер қатарына шақырылады. Искери қызметін өтеу және Қазақстан Республикасыныӊ тұтастығын қорғау әр азаматтыӊ қасиетті борышы және міндеті болып табылады.

2015 жылдыӊ көктемгі науқанында мерзімді әскери қызметке 29 мыӊнан астам қазақстандықтар әскер қатарына шақырылады деп күтілуде. Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық Кодексі мен Икімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар әскери міндет, әскери қызмет және қорғаныс туралы тарауларды да қамтиды. Атап айтқанда, егер ұйым, оқу орны немесе кәсіпорын басшылары бастапқы әскери есепке тұру немесе шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардыӊ тізімін уақытылы жергілікті әскери басқару органдарына ұсынбаса олар айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады.

Ұйымныӊ, оқу орныныӊ лауазымды тұлғалары, сондай-ақ тұрғын үйлерді пайдалануға беруді іске асыратын ұйымдардыӊ лауазымды тұлғаларына және үй иелеріне - 10 АЕК (айлық есебініӊкөрсеткіші), ұйымныӊ, оқу орныныӊ бірінші басшыларына - 15 АЕК, шағын кәсіп иелерін е - 20 АЕК, орта кәсіп иелеріне - 30 АЕК, ірі кәсіпкерлерге - 40 АЕКмөлшерінде айыппұл салынады. Бұдан өзге әскери-есеп жұмыстарына жауапты басшы немесе азамат қызметкеріне жергілікті әскери басқару органына шақыру туралы хабар бермесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны