15.02.2016, 17:04 4316

Искери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты - ҚМ

Қазақстанныӊ зейнетақы заӊнамасындағы соӊғы өзгерістерге сәйкес әскери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ зейнетақы заӊнамасындағы соӊғы өзгерістерге сәйкес әскери қызметшілерді міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан бұрын 1998 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша әскери еӊбек өтілі 10 жылдан кем Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілеріне бюджеттік қаражат есебінен ақшалай ұсталымныӊ 20 пайызы көлемінде бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары тәртібі енгізілген болатын, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Осы түзетулер арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, сондай-ақ 2012 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап арнайы атақ пен сыныптық шендерді тағуға, нысанды киім киюге құқықтарынан айырылған тұлғаларға қатысты болды. Бұл ретте мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса отырып, ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыруды жалғастыра беретінін айта кеткен жөн.

Естеріӊізге сала кетейік, 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан кейін жұмыстан босатылған және еӊбек сіӊірген немесе жалпы еӊбек өтілі 25 жыл, оныӊ ішінде 12 жарым жылы үздіксіз әскери қызмет болса толық көлемде зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналарыныӊ 50 пайызын қайтарған кезде толық көлемге жеткізе отырып, 2016 жылғы 1 қаӊтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерін қайта есептеу жүзеге асырылады. Мемлекет аударған жинақталымныӊ жартысын қолданыстағы әскери қызметшілерге, толық емес көлемде зейнетақы төлемдерін алушыларға және 1998 жылдыӊ 1 қаӊтарынан кейін қызметке алғаш рет орналасқан және 2016 жылғы 1 қаӊтарға дейін зейнетақы алу құқығына ие әскери қызметшілерге қайтару қажет. Зейнетақысы толық көлемде тағайындалған қолданыстағы әскери қызметшілерге бұныӊ еш қатысы жоқ. Олар белгіленген зейнетақы төлемдерін алуды әрі қарай жалғастыра береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны