15.05.2015, 22:27 3858

Искери теӊізшілер зымыранды-артиллериялық кеменіӊ әскери мүмкіндігін сынады

Қазақстандық әскери теӊізшілер "Қазақстан", "Орал", және "Сарыарқа" зымыранды-артиллериялық кемелерініӊ жауынгерлік мүмкіндіктерін сынады. Оныӊ аясында Каспий теӊізінде ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ ауқымды жаттығуы өрістетілді

Астана. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандық әскери теӊізшілер "Қазақстан", "Орал", және "Сарыарқа" зымыранды-артиллериялық кемелерініӊ жауынгерлік мүмкіндіктерін сынады. Оныӊ аясында Каспий теӊізінде ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ ауқымды жаттығуы өрістетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірқатар артиллериялық кемелермен су үстіндегі, әуеге бағытталған және су миналарын зақымдауды сынады. Экипаждар жинақылыққа ерекше көӊіл бөле отырып жоғарғы дәлдікпен орындады. Дәл осындай тапсырмаларды әскери теӊізшілер биыл жазда Қаспий теӊізінде өтетін "Каспий теӊізі - 2015" байқауында орындайтын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аталған жарыста біздіӊ әскери қызметшілеріміздіӊ шынайы қарсыласы Түркіменстан, Ресей және Изербайжан теӊіз жаяу әскерлерініӊ үздік теӊізшілері мен бөлімшелері болмақ. Осыны ескере отырып қазақстандық әскери кемелерініӊ экипаждары мен теӊіз жаяу әскерлерініӊ бөлімшелері теӊіз биатлоныныӊ барлық бағыттарында белсенді даярлық өткізуде.

Бүгінгі күні олар теӊіз жағасында және су жолындағы қауіптер арқылы жүзуді, кемедегі якорьды 30-40 метрге орнату, МСС-65 Халықаралық жиын дабылына сәйкес жарық және жалау арқылы белгі беру және қабылдау, сондай-ақ бортта қалып қойған адамды құтқару бойынша шараларды пысықтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны