28.07.2014, 20:17 6230

Искери-әуе күштері түнгі оқу-жаттығу ұшуларын жүргізді

Қазақстан Искери-әуе күштеріндегі армиялық авиацияның ұшқыштары Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарымен жауынгерлік атыстарды қолдана отырып, түнгі оқу-жаттығу ұшуларын жүргізді, - деп Қорғаныс министрлігінен хабарлады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Искери-әуе күштеріндегі армиялық авиацияның ұшқыштары Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарымен жауынгерлік атыстарды қолдана отырып, түнгі оқу-жаттығу ұшуларын жүргізді, - деп Қорғаныс министрлігінен хабарлады.

Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарының экипаждары ұшу тапсырмаларының кезекті кезеңі аясында белгіленген орынға шығу, ауада барлау жүргізу және шартты қарсыластың позициясын анықтау сынды жауынгерлік даярлықтарды қиын жағдайларда орындады.

"Оқу-жаттығу ұшуларына 100-ге тарта әскери қызметші, оның ішінде армиялық авиацияның 5 экипажы қатысты. Ұшқыштар барлығы 200 жауынгерлік оқу-жаттығу ұшуларын орындады. Атулар түн жағдайында жүргізілгендіктен, экипаждардың тапсырмаларын қиындатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, калибрі 12,7 миллиметрлік қару-жарақпен және С-8 басқарылмайтын авиациялық зымырандармен шартты қарсыласқа оқ атты.

"Иртүрлі оқу-жаттығу ұшуларын орындау арқылы ұшқыштарымыздың кәсіби деңгейін арттыру кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді. Ұшулар даярлығы бағдарламасы экипаждардың ұшу шеберлігін шыңдауға бағытталған" - деп атап өтті ИҚК Искери-әуе күштерінің қолбасшысы полковник Дәурен Қосанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны