08.12.2022, 10:36 36976

Асламбек Мерғалиев Жоғарғы Соттың Төрағасы болып сайланды

Бұған дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған
Асламбек Мерғалиев Жоғарғы Соттың Төрағасы болып сайланды
Сурет: akt.sud.kz
Астана. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Асламбек Мерғалиевті Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметіне сайлады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Дауыс беруден кейін Асламбек Мерғалиев өз міндеттерін адал орындауға уәде беріп, ант берді.

Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы 1972 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Стамбул мемлекеттік университетін бітірген. Бұған дейін, 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған.

Конституцияға сәйкес, ел Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын сайлау, қызметтен босату және оның антын қабылдау Парламент Сенатының ерекше қарауына жатады.

Мемлекет басшысының ұсынуына сәйкес, сенаторлар басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жақып Асановты қызметінен босату туралы шешім қабылдады және Асламбек Мерғалиевті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне сайлады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны