05.05.2008, 13:52 1284

Астана әуежайы қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жарты миллионға жуық теңге төледі

Астана әуежайы қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жарты миллионға жуық теңге төледі

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Астана халықаралық әуежайы" АҚ қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 459 416 теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды агенттік Бас прокуратураның баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

"Астананың авиациялық транспорттық прокуратурасы ағымдағы жылдың сәуір айында "Астана халықаралық әуежайы" АҚ-ның табиғат қорғау заңнамасын қолдану жайына тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде аталған кәсіпорынның іс-қызметінен ҚР Экологиялық кодексі нормаларын бұзу оқиғаларын анықтады", -делінген хабарламада.

"Қалдық тастаушы №0001 көзден сынама алған кезде азот оксиді, көміртегі оксиді мен күкірт диоксидінің мөлшері артып кеткені анықталды".

Нәтижесінде прокуратура ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына қоршаған ортаға келтірген шығынды толтыру жөнінде шағым түсіріп, ол қанағататндырылып, мемлекеттік бюджетке 459 416 теңге көлеміндегі айыппұл өндіріп алынды.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның хабарламасында атап көрсетілгеніндей, "Астананың авиациялық транспорттық прокуратурасы "Астана халықаралық әуежайы" АҚ заңды тұлғасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде Икімшілік кодекстің 243-ші бабы бойынша іс қозғап, 459 мың 416 теңге айыппұл салды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны