30.05.2014, 20:54 3060

Астана ЕАЭО Келісімі қол қойылған қала ретінде тарихқа енеді - Е. Махмұтова

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімнің Қазақстанда, яғни Астанада өтуі өте маңызды. Демек, Қазақстан оның ішінде Астана тарихқа еніп отыр. Меніңше, осы орайда "Астаналық келісім" немесе "Астана декларациясы" деген термин де енуі мүмкін", - деді Е. Махмұтова.

Алматы. 30 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің қолданбалы саясат кафедрасының доценті Евгения Махмұтова Астана ЕАЭО Келісімі қол қойылған қала ретінде тарихқа енетіндігін атап өтті.

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімнің Қазақстанда, яғни Астанада өтуі өте маңызды. Демек, Қазақстан оның ішінде Астана тарихқа еніп отыр. Меніңше, осы орайда "Астаналық келісім" немесе "Астана декларациясы" деген термин де енуі мүмкін", - деді Е. Махмұтова.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, "Алматыны ЕАЭО қаржы орталығы деп негіздеу де өзіндік мәнге ие. Себебі, ол одақтың негізгі жұмыстарының бірін атқаратын болады".

Оның айтуынша, "ЕАЭО құрылуында Қазақстанның атқаратын қызметінің үлесі де жоғары".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны