01.11.2016, 14:45 3652

"Астана ЭКСПО-2017" халықаралық қатысушыларына алғашқы павильондар тапсырылды

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов кеше халықаралық қатысушылар - Қытай, Франция, Алмания, Мажарстан мен Түркия мемлекеттерінеалғашқы павильондарды тапсырды.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов кеше халықаралық қатысушылар - Қытай, Франция, Алмания, Мажарстан мен Түркия мемлекеттерінеалғашқы павильондарды тапсырды.

"Бүгін біздер және біздіӊ ұлттық компания үшін атаулы күн - құрлыстыӊ маӊызды бес нысаны аяқталды. Ол - халықаралық павильондар, 1374 пәтері бар ЭКСПО-қалашық, ЭКСПО-кеӊсе, ішкі істер бөлімініӊ ғимараты мен Энергия зерттеу орталығы. Барлығыныӊ аумағын қосқанда 482 мыӊ шаршы метр аяқталды", - деді А.Есімов павильондарды салтанатты түрде табыстау барысында.

"Бүгінгі күнніӊ тағы бір айрықшалығы сол, бүгін контенттіӊ толтырылу кезеӊініӊ басталатындығын білдіруі.

Көрме ашылуына 222 күн бұрын біз павильондар мен тұрғын үйлерді тапсыру ісін бастадық. Меніӊше, бұл уақыт павильондардыӊ ішін сапалы түрде толтыруға жеткілікті. Қарым-қатынасты мейлінше қамтамасыз ету үшін арнайы техникалық бюро ашылды, сондай-ақ, Аккредитациялық орталық өз жұмысын бастады" , - деді өз сөзінде ұлттық компанияныӊ Басқарма төрағасы.

"Өздеріӊіз көріп отырғандай, біз жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз: көрме қатысушыларына көмек, ол заӊнамалық, басқа да ұйымдастырушылық мәселелер болса да, дайынбыз".

Сонымен қатар, А.Есімов ЭКСПО жобасы дағдарыс кезеӊінде жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Алайда, Елбасы қолдауы арқасында бұл, шын мәнінде, нағыз дағдарысқа қарсы жобалардыӊ қатарынан табылды. Көрме нысандарыныӊ құрылысы мен дайындығы барысында Қазақстанныӊ шамамен барлық өӊірлерінен 300-ден астам отандық кәсіпорындар тартылды. Сол арқылы жоба 50 мыӊға жуық жұмыс орнын сақтап қалуға әрі жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына мүмкіндік берді. Мына құрылыс алаӊыныӊ өзіне 14 мыӊ адам жұмыспен қамтамасыз етілді" - деді ол.

Сондай-ақ, нысандардыӊ қүрылысы барысында жергілікті компаниялар 492 млрд теӊге көлеміндегі қаражатқа қызмет көрсетіп, жұмыс істелінді.

"Жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Көрменіӊ басқа нысандары бойынша, айталық - бұл ұлттық павильон "Сфера", конгресс-холл және қонақ үй. Келесі жылы қоғамдық орындарды ұйымдастырып, аумақты көркейтетін боламыз", - деді Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар, іс-шара Франция мен Қытай халықаралық делегация мүшелеріне пәтерлерді салтанатты түрде тапсыру рәсімімен жалғасты.

Франция ауданы 1069,1 шаршы метр павильонға ие болып, оны "Жасыл" өсімбағытындағы энергетикалық бұрылыс" деп атады. Жасыл энергетика саласындағы өз әзірлемелерін бұл ел үш шағын тақырыпшаларда ашып көрсететін болады: болашақ қаласы, жаӊартылатын энергия және экологиялық көлік түрлері.

Қытай ауданы 100 шаршы метр павильонды алды.Оныӊ ерекшелігі - "Жасыл" Жібек жолы" болашақ энергиясыныӊ арман театры болмақ. Онда ҚХР-ныӊ Жібек жолы бойындағы, сол сияқты әлемніӊ барлық елдерімен энергетикалық ынтымақтастыққа қатысты жаӊа ойы көрсетіледі.Венгрия павильоныныӊ ауданы 411,9 шаршы метрді құрайды. Павильонныӊ "Болашақ энергиясы бізді біріктіреді" тақырыбы елдегі қолжетімді энергия көздерініӊ географиялық, экономикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Павильон жел, су және жел елі болып табылатын Венгрияныӊ сипатын айрықшаландыра отырып, электр және қала жобалау облысындағы жаӊа қондырғылармен таныстырады.

Германия павильоныныӊ ауданы 1249,5 шаршы метр құрайтын болады.Ол - "Энергияға апарар жолда" деп аталатын болады. Ал, Түркия 959 шаршы метр павильонға ие болды.

Естеріӊізге сала кетелік, халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтеді, көрме өтуі барысында оған 5 миллионға тарта адам келеді деп күтілуде.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаӊтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны