05.06.2009, 13:15 2623

Астана қалалық қаржы полициясы ПИК төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астана қалалық қаржы полициясы ПИК төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғады

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана қалалық қаржы полициясы Пәтер иелерінің кооперативі төрағасының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Пәтер иелері кооперативінің төрағасы Н. Деген азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177- бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды.

"Ол монша кешеніне сатып алу-сату келісім-шартын өзінің атына алаяқтық жолмен рәсімдеп, кооперативке 23,9 млн теңгеге залал келтірген",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны