27.06.2007, 17:45 2884

Астана қалалық прокуратурасы Елордасында кәсіпкерлердің құқығын бұзу оқиғаларының азайғанын айтады

АСТАНА. 27 -маусым. Kazakhstan Today. Астана қалалық прокуратурасы Елордасында кәсіпкерлердің құқығын бұзу оқиғаларының азайғанын айтады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық прокуратурасының мемлекеттік органдарының іс-қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы Думан Қаржаспаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің қадағалау іс-қызметімізге соңғы бір жылда жүргізген талдау нәтижесі Елордасында кәсіпкерлердің құқығын бұзу оқиғаларының анағұрлым азайғанын айқындап берді", - деді Д. Қаржаспаев. Оның айтуынша "биыл жалпы алғанда 30 ғана заң бұзушылық анықталған".

Заң бұзушылықтар қалалық қаржы полициясы, өртке қарсы күрес қызметі мен салық мекемесінің, сондай-ақ, жер қатынастары басқармасының іс-қызметінен анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны