02.09.2009, 13:55 3003

Астана қаласында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы мен оның орынбасары сотқа тапсырылды - қаржы полициясы

Астана қаласында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы мен оның орынбасары сотқа тапсырылды - қаржы полициясы

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласында денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы бастығы Кәрібеков пен оның орынбасары Илмұхамбетова сотқа тапсырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Оларға қызмет бабын пайдаланып, медициналық мекемелерге құрал-жабдықтар алу үшін бөлінген 23 млн 100 мың теңге бюджет қаражатын ұйымдасқан топ болып талан-таражға салды деген айып тағылды",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны