25.06.2008, 16:20 2968

Астана қаласында қолданыста жүрген 900 автобус "Евро-3" стандартына сай емес - Елорда прокуратурасы

Астана қаласында қолданыста жүрген 900 автобус "Евро-3" стандартына сай емес - Елорда прокуратурасы

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында қолданыста жүрген 900 автобус "Евро-3" стандартына сай емес. Бұл туралы бүгін Астана қалалық прокуратурасының алқа отырысында мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын бақылау басқармасының бастығы Думан Қаржаспаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Прокурорлық тексеріс барысында "Евро-3" экологиялық стандартының талаптарына тек "Ман" және "Скания" маркасындағы автобустар ғана сай келетіндігі анықталды. Ал қалғандары (олар шамамен 900) бұл стандартқа жауап бермейді", - деді Д. Қаржаспаев.

Оның айтуынша, жаңа "Хюндай Аэро Сити" автобустары Еуропада 1980-жылдары қолданыста болған автокөлік құралдарының негізінде жасалған.

Сонымен қатар, Астана қалалық прокуратурасының басқарма бастығы Елордада экологиялық таза көліктердің дамымай отырғанына назар аударды. "Астанада бар болғаны екі троллейбус бағыты жұмыс істейді. Онда 26 көлік пайдаланылады. Бұл сұйық жанармай пайдаланатын көліктер санының 2,5 пайызын ғана құрайды", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны