07.11.2017, 19:24 4018

Астана қаласыныӊ айналасындағы азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуге Аршалы мен Целиноград аудандары белсене атсалысып жатыр

Ақмола облысында "Соғымға дайындық" атты жоба барысында Ақмола облысыныӊ төрт ауданы, оныӊ iшiнде Аршалы, Целиноград аудандары Астана қаласыныӊ айналасындағы азық-түлiк белдеуi бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы аясында ет өнiмдерiн жеткiзiп отыр. Бүгiнгi күнi жобаға 37 шаруашылық қатысып отыр.

Көкшетау. 7 қараша. Kazakhstan Today - Аршалы мен Целиноград аудандарына Астана қаласыныӊ айналасындағы азық-түлiк белдеуi бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы аясында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері жұмыс сапарымен барды. Оныӊ iшiнде "QAZAQSTAN", "ХАБАР", "24 ХАБАР" телеарналары болды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Ақмола облысында "Соғымға дайындық" атты жоба барысында Ақмола облысыныӊ төрт ауданы, оныӊ iшiнде Аршалы, Целиноград аудандары Астана қаласыныӊ айналасындағы азық-түлiк белдеуi бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы аясында ет өнiмдерiн жеткiзiп отыр. Бүгiнгi күнi жобаға 37 шаруашылық қатысып отыр.

Аталмыш жоба аясында жұмыс істеп жатқан "Алтын таға" фермасыныӊ аумағы 1 650 шаршы метрді құрайды. Шаруашылықта 157 ашық сауда алаӊдары мен 21 жабық сауда орындары бар. Көкөніс, жеміс-жидек, балық өнімдері, сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, халық тұтынатын тұрмыстық химия өнімдерін де сатылымға шығарады.

Сонымен қатар, шаруашылықта бүгінгі таӊда 3000 қой, 1000-ға жуық ірі-қара мал, 500-ден аса жылқы, оныӊ ішінде бордақыланған 200 жылқы бар. "Алтын таға" алғашқылардыӊ бірі болып, "соғымға дайындық" жобасына қатысып отыр. "Бүгінде Астана халқы мен елорда маӊындағы елді-мекендерді таза, "ХАЛАЛ" стандартына сай, ет өнімдерімен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта шет елдерге экспорттау жоспарда бар. Бүгінде Иран, Қытай ХР келісім шарт жасалды", - дейді шаруашылықтыӊ басшысы Айдар Нығметов.

Целиноград ауданыныӊ Қосшы ауылдық округінде қоян өсіру шаруашылығы да алға қойылған. "Толай-2" жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2012 жылдан бері қоян өсірумен айналысады. Алғашында Ресейден әкелінген 40 бас қоянныӊ саны бүгінде 1520 жеткен.

Қазіргі таӊда мұнда, "Ақ алып", "Кеӊестік шиншилла", "Күмістей" сынды асыл тұқымды қояндар өсіріледі. Ай сайын 100-ден аса қоян етін нарыққа шығарады екен. Ірі қараныӊ етіне қарағанда, қоян еті қымбаттау. Сондықтан, қарапайым халық тарапынан сұраныс аса көп емес.

"Қоян еті көбіне жеӊсік ас болғандықтан, мейрамханалар мен дәмханалардан сұраныс келіп түседі. Өткен жылы 4 тоннадан астам қоян етін нарыққа шығардық. Алдағы уақытта қоян санын арттыру жоспарда бар", - дейді серіктестіктіӊ бас зоотехнигі Мейрам Ибішев.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Аршалы ауданыныӊ Анар ауылдық округiнде ашылған "Аян" ЖШС макарон фабрикасыныӊ өндiрiсiне барып, жұмысымен танысты. Бұл өндiрiсте диiрмендiк құрылғылар - түрiк, ал макарон өнiмi италияндық құрал-жабдықтар арқылы шығарылады. Сонда тәулiгiне 24 тонна макарон және 200 тонна ұн өндiрiлiп, 11 түрлi қатты бидай сұрыбынан премиум санатындағы өнiм шығарылады. Сондай-ақ, елiмiздiӊ iрi қалаларын, оныӊ iшiнде Астананы өз өнiмдерiмен қамтамасыз етіп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны