11.10.2016, 12:33 3867

Астана мен Алматы әуежайлары ТМД бойынша ірі он әуежайдыӊ қатарына енді

2015 жылы Астана мен Алматы әуежайлары жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша ТМД мүше-мемлекеттер әуежайларыныӊ халықаралық ірі ондығыныӊ қатарына енді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - 2015 жылы Астана мен Алматы әуежайлары жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша ТМД мүше-мемлекеттер әуежайларыныӊ халықаралық ірі ондығыныӊ қатарына енді, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Соӊғы 5 жылда Қазақстан әуежайлары қызмет көрсеткен жолаушылар саны бойынша оӊ динамика байқалады. Аталмыш көрсеткіштіӊ өсімі тасымалданған жолаушылар саныныӊ артуымен байланысты",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметініӊ мәліметінше, елдегі жұмыс істеп тұрған республикалық және облыстық маӊыздағы 18 әуежайдыӊ жыл сайынғы жолаушыларға көрсететін қызметініӊ жартысынан көбі Алматы мен Астана әуежайларына тиесілі. Соӊғы 5 жылда Алматы мен Астана әуежайларыныӊ қызмет көрсететін жолаушылар үлесі артып, жыл сайын 68% құрап отыр.

Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларыныӊ әуежайлары одан кейінгі орында тұр және саладағы жалпы жолаушыларға қызмет көрсетуі 7-5% құрайды.

Ал, Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау және Петропавл қалалары әуежайларыныӊ жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша төменгі көрсеткішке ие.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ішкі әуе рейстерді 6 қазақстандық әуе компаниясы 39 бағыт бойынша атқарады.

Бүгінгі таӊда халықаралық және ішкі әуе рейстерін атқаратын қазақстандық әуетасымалдағыштардыӊ заманауи әуе кеме парктері бар. Сонымен қатар, "Эйр Астана", "СКАТ", "Бек Эйр" және "Qazaq Air" сияқты 4 негізгі әуе компаниясыныӊ ұшу қауіпсіздігініӊ барлық талаптарына жауап беретін шетелдік заманауи ұшақтары бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны