27.05.2011, 15:43 3846

Астана мен Алматы қалаларындағы өртке қарсы күрес бөлімшелерінің саны жеткіліксіз

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жыл сайын тіркелетін төтенше жағдайлардың 85-90 пайызын өрт оқиғалары құрайды. Бұл деректерді бүгін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Парламент Сенатында өткен "Өңір" депутаттық тобының мәжілісінде айтты.

Астана. 27 - мамыр. Kazakhstan Today - Астана мен Алматы қалаларындағы өртке қарсы күрес бөлімшелерінің саны жеткіліксіз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда жыл сайын тіркелетін төтенше жағдайлардың 85-90 пайызын өрт оқиғалары құрайды. Бұл деректерді бүгін Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Парламент Сенатында өткен "Өңір" депутаттық тобының мәжілісінде айтты.

Алматыда барлығы 13 өртке қарсы күрес бөлімі бар. Олар қаланың тек 50 пайызының ғана қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарлы. "Алып шаһарда қауіпсіздікті толық қамтамасыз ету үшін 26 өртке қарсы күрес бөлімдері болуы тиіс. Сондай-ақ Астанада осындай 20 бөлім қажет болса, бізде бары -10. Мен бұл туралы 4 жыл бойы айтып келемін.

Ирине, бұл бағытта аздаған ілгерілеушіліктер бар. Биылғы жылы біз Алматы мен Астанада өртке қарсы күрес деполардың құрылысын бастадық. Биыл ол бірді-екілі ғана болса, келесі жылы олардың саны біршама арта түседі. Осы бағыттағы жұмыстарға депутаттар белсенді көмек көрсетсе екен", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны