11.05.2014, 19:32 3476

Астана мен Қарағанды арасында жаңа электропойыз жүреді

10 мамырда Астана станциясынан "Астана-Қарағанды" бағытындағы ЭД9Э сериялы (энергия үнемдейтін) "Сарыарқа" жаңа электропойызының екінші жаңартылған құрамы жолға шықты. Жаңа электропойызы жайлылығы мен қауіпсіздігі жағынан ерекшеленеді.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. 10 мамырда Астана станциясынан "Астана-Қарағанды" бағытындағы ЭД9Э сериялы (энергия үнемдейтін) "Сарыарқа" жаңа электропойызының екінші жаңартылған құрамы жолға шықты. Жаңа электропойызы жайлылығы мен қауіпсіздігі жағынан ерекшеленеді.

Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлағандай, жаңа электропойыздар әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Барлық конструкциялық шешімдер тапсырыс беруші - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ талаптары мен тілегіне орай орындалған, өнеркәсіптік эстетика мен әрлеудегі соңғы үрдістер ескерілген. Электропойыздарды пайдалану мерзімі - 28 жыл.

"Сарыарқа" пойызы Қарағанды стансасына күн сайын 2 рет - Астанадан 10.45-те шығып, Қарағандыға 13.55-те, ал екінші рейс Астанадан 19.35-те шығып, Қарағандыға 22.45-те келеді.

Айта кетейік, пойыз құрамында бірінші класты 3 вагон, екінші класты 3 вагон, үшінші класты 2 вагон бар. Жаңа құрамдарда жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, жұмсақ эргономикалық орындықтар, ауа баптау жүйесі (жылыту және салқындату бөлек басқарылады), герметикалық вагонаралық өтпелер, салондар мен тамбурларда бейнебақылау, Wi-Fi, пойыздың параметрлері туралы қазақ және орыс тілдерінде жазылған "Жүгіртпе жол" ақпараттық таблосы және басқалары бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны