02.04.2015, 19:05 3484

"Астана" өӊірлік қолбасшылығы 2015 жылғы І тоқсанныӊ қорытындысын шығарды

"Астана" өӊірлік қолбасшылығы әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Қамалетдиновтыӊ төрағалығымен Қарағанды қаласындағы "Астана" өӊірлік қолбасшылығында ағымдағы жылдыӊ бірінші тоқсанындағы әскери іс-қимыл қорытындысы шығарылды

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - "Астана" өӊірлік қолбасшылығы әскерлерініӊ қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Қамалетдиновтыӊ төрағалығымен Қарағанды қаласындағы "Астана" өӊірлік қолбасшылығында ағымдағы жылдыӊ бірінші тоқсанындағы әскери іс-қимыл қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өӊірлік қолбасшылығы жеке құрамға тактикалық, мемлекеттік-құқықтық даярлық пен офицерлік және сержанттық құрамды психологиялық тестілеуі бойынша нәтижелерін жеткізді.

Бірінші тоқсанныӊ қорытындысы бойынша 31775 әскери бөлімі 1-орынға ие болса, ал үздік бөлімше командирі атағын 1 мотоатқыш батальоныныӊ командирі кіші сержант А.Қожақанов иеленді.

"Астана" өӊірлік қолбасшылығы әскери даярлық, жұмылдыру даярлығы, жауынгерлік әзірлік, әскери қызмет, әскери тәртіп пен құқық тәртібініӊ жай-күйі және басқа да пәндер бойынша бағаланды.

Естеріӊізге сала кетсек, Өӊірлік қолбасшылық құрамына Иуе қорғанысы күштері әскерлері мен орталық бағынысты бөлімдерін қоспағанда, белгіленген аймақтарда орналасқан әскери бөлімдер кіреді. Оныӊ аумағы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны