14.09.2010, 15:27 3542

Астана полициясы үш күн бойы іздеген екі мектеп оқушысы осы уақытқа дейін достарымен бірге көңіл көтеріп жүрген

Астана полициясы үш күн бойы іздеген сегізінші сыныптың екі оқушысы осы уақытқа дейін достарымен бірге көңіл көтеріп жүрген. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Баймұхамет мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана полициясы үш күн бойы іздеген сегізінші сыныптың екі оқушысы осы уақытқа дейін достарымен бірге көңіл көтеріп жүрген. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының ІІД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Баймұхамет мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

А. Баймұхаметтің айтуынша, "31-тамыз күні Астана қаласының ІІД ата-аналар 1996 жылы дүниеге келген кәмелеттік жасқа толмаған, №13 мектептің 8 сыныбында оқитын екі оқушы қыздың хабар-ошарсыз кеткендігі туралы шағым түсірген".

"30-тамыз күні шамамен 12 сағат шамасында олар үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, ұзақ уақытқа дейін хабарласпаған. Полиция қызметкерлері оларды іздеуге кіріскен. Оларды іздеуге қоғам да тартылған. Жасөспірімдердің жоғалуы туралы ақпарат БАҚ да таратылған",- деп атап өтті ол.

Жасөспірімдер тек 4-қыркүйек күні жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін ғана табылған. "Полиция қызметкерлері тергеу жүргізу барасында, жоғалған қыздардың үш тәулік бойы Астана аумағында достарымен бірге жүргендігін анықтаған",- деп хабарлады А. Баймұхаметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны