24.11.2023, 18:30 87061

Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізілуде

Министрлік әуежай қызметтерін одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге дайын
ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайына барды. Ол қауіпсіздік жүйелері, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және әуежайдың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Gov.kz.

Сондай-ақ әуежайда цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда әуежайды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігін енгізу. Нәтижесінде жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады. Сонымен бірге паспорттың электрондық нұсқасын толық пайдаланады.

Халықаралық әуежай" АҚ Басқарма төрағасы құрылған арнайы фокус-топ биометриялық сәйкестендіру бойынша жолаушыларды тіркеу бағдарламасын тест режимінде іске қосатынын атап өтті.


Кеңесті қорытындылай келе, вице-министр бірқатар тапсырма жүктеп, министрліктің әуежай қызметтерін одан әрі дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге дайын екендігін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны