11.01.2019, 15:02 6435

Астанада 2019-2023 жылдарға арналған елорданы жинақы салу жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Икімніӊ пікірінше қаланы дамытудыӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі - білім беру саласы. Мәселен, 2023 жылға дейін өсімге байланысты 120-дан астам жаӊа орын ашу жоспарланған. Осыған байланысты 37 мектеп, мектепке жапсарлас 10 ғимарат салынады. Мектепке дейінгі білім беру саласында 25 балабақша салынады деп жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 15 нысанды салу жоспарланған.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019-2023 жылдарға арналған Астананы жинақы салу жөніндегі кешенді жоспар туралы қала әкімі Бақыт Сұлтанов қала активімен өткен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігініӊ ресми сайты.

Осылайша, көлік инфрақұрылымы саласында, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ, газбен қамту және нөсерлік кәріз жүйесінде өзгерістер орын алатын болады. Икімніӊ айтуынша, қалалық ортаныӊ сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 көліктік жол айрығы, 3 көпір, 1 жол өтпесі, 1 тоннель, сондай-ақ 1-ші кезекте жеӊіл рельсті көлік (LRT) салу жоспарланып отыр.

"Көлік қаӊқасын қалыптастыру елорда жолдарында көлік коллапс туындау ықтималдығыныӊ алдын алуға және негізгі магистраль жеӊілдетуге мүмкіндік береді", деді Бақыт Сұлтанов.

Икімніӊ пікірінше қаланы дамытудыӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі - білім беру саласы. Мәселен, 2023 жылға дейін өсімге байланысты 120-дан астам жаӊа орын ашу жоспарланған. Осыған байланысты 37 мектеп, мектепке жапсарлас 10 ғимарат салынады. Мектепке дейінгі білім беру саласында 25 балабақша салынады деп жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 15 нысанды салу жоспарланған. Өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да орын алады.

Бақыт Сұлтанов тұрғындар үшін 150 км сумен жабдықтау желілері, 81 км су бұру желілері, 2-ЖЭО қайта жаӊарту жүргізілгенін, 3-ЖЭО 1 және 2-кезектегі құрылысы жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар, өзгерістер өзекті мәселелер қатарындағы нөсерлі кәріз жүйесіне де қатысты болады. Бұл негізгі қала аудандарында нөсер жаӊбыр кезінде суды ағызу бойынша туындайтын проблемаларды жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкім Елбасы өткен жылы іске қосқан "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына да тоқталды.

"Біз осы бағдарлама қолжетімді бола түсуі үшін білім, денсаулық, полиция қызметкерлеріне жергілікті бюджеттен 1 миллион теӊге көлемінде әлеуметтік көмек береміз", - деді Б.Сұлтанов.

Естеріӊізге сала кетейік, жаӊа жыл алдында әкімдік алғашқы 100 субсидия (сертификат) табыстаған болатын. Осы жылы тағы 2 000 сертификатты ұсыну жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны