14.07.2014, 20:06 2483

Астанада әлемнің 88 елі оқушыларының қатысуымен физикадан халықаралық олимпиада өтеді

Халықаралық бәйгеде Қазақстан Республикасының атынан 5 оқушы қатысады.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылы Астанада физикадан өтетін халықаралық олимпиадаға қатысатын мемлекеттер саны рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. IPHO-ға биыл әлемнің 88 елінен шамамен 700 оқушы қатысады.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, олимпиада оқушылар арасында ғылми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық ояту, дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай жасау мен ғылымды насихаттау мақсатымен ұйымдастырылады.

IPHO-2014 жарысы Астанадағы Назарбаев Университетінде 13-21 шілде аралығында өткізіледі.

Халықаралық бәйгеде Қазақстан Республикасының атынан 5 оқушы қатысады.

Имір Бірәлин - физикадан Азия олимпиадасының алтын медаль, физикадан халықаралық олимпиадасының күміс медаль және Республикалық пән олимпиадасының алтын жүлде иегері.

Иса Данат - Халықаралық Жәутіков атындағы олимпиаданың күміс медаль және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері.

Нұрбек Дінмұхаммед - Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль, физикадан халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері.

Тұрсынбек Нұрислам - оқушылар арасындағы халықаралық олимпиаданың қол медаль, Жәутіков атындағы халықаралық олимпиаданың күміс медаль, физикадан Азия олимпиадасының мақтау қағазы және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері.

Кұрмантаев Дәулет - жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиада мен Жәутіков атындағы мектеп оқушылары олимпиадасының күміс медаль, Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері.

Жалпы, олимпиадаға ұлттық физика олимпиадаларының жеңімпаздарынан құралған бітіруші сынып оқушылары қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны