21.04.2015, 18:12 3851

Астанада әскери парадқа өӊірлерден 246 ардагер келеді

Астана қаласы Мәдениет басқармасыныӊ хабарлауынша, елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылмақ

Астана. 21 сәуір. Kazakhstan Today - Астана қаласы Мәдениет басқармасыныӊ хабарлауынша, елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҰОС ардагерлеріне деген ілтипат бұл күнде әдеттегіден де жоғары болатыны мәлім. Мамыр айыныӊ 6-10 аралығында Астана қаласына Қазақстанныӊ өзге өӊірлерінен арнайы ардагерлер делегациясы келеді, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жалпы, аймақтардан 246 соғыс ардагері мен 73 сүйемелдеуші тұлға Жеӊіс күні парадына келмек. Сонымен қатар, мамырдыӊ 9 күні қала көшелерінде 45-ші жеӊіл атлеттер эстафетасы өтеді.

Астана қаласыныӊ әкімдігі темір жол вокзалында және халықаралық әуежайда ардагерлерді үрмелі аспаптар оркестрімен қарсы алып, шығарып салады және гүл шоқтарын сыйлайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны