15.02.2010, 17:47 3604

Астанада астыртын ойынхана әшкереленді

Астанада астыртын ойынхана әшкереленді

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері астыртын ойынхананы әшкереледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада 10 ойын автоматы бар астыртын ойынхана жарты жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келген.

ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ойынхананы әшкерелеуге осы мекемемен көршілес тұрған жетпіс жастағы кейуана көмектескен.

"Астана қалалық ІІД-нің оперативтік қызметкерлерінің дер кезінде қолданған іс-шараларының арқасында ойынхана жабылды", - делінген хабарламада.

Қазір Астана қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-шы (заңсыз кәсіпкерлік) бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін шешуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны