15.07.2014, 22:55 2663

Астанада байланыс саласындағы достастық өңірлері басшыларының кеңесі өтеді

Кеңестің жұмысы барысында БӨД әкімшілік байланысының ХЭК электр байланысын дамыту бойынша Дүниежүзілік конференцияға қатысу қорытындысы мен 2015 жылға дейінгі кезеңде ақпараттық қоғамды дамыту мен қалыптастырудағы ТМД мемлекеттерінің достастық Стратегиясын іске асыру барысын талқылау жоспарланған.

Алматы. 15 шілде. Kazakhstan today. Қазақстанда алғаш рет байланыс саласындағы Өңірлік достастықтың әкімшілік байланыс басшыларының 49-ыншы кеңесінің бірлескен отырысы мен БӨД жанындағы ақпараттандыру бойынша ТМД елдерінің 20-сыншы үйлестіру кеңесі өтеді.

Кеңестің жұмысы барысында БӨД әкімшілік байланысының ХЭК электр байланысын дамыту бойынша Дүниежүзілік конференцияға қатысу қорытындысы мен 2015 жылға дейінгі кезеңде ақпараттық қоғамды дамыту мен қалыптастырудағы ТМД мемлекеттерінің достастық Стратегиясын іске асыру барысын талқылау жоспарланған.

Жоспар бойынша ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің басшысы Асқар Жұмағалиев шараға қатысушыларды Қазақстанда жаңа телекоммунинкациялық байланыстар мен сервистерді енгізу бойынша атқарылып жатқан шараларды таныстырады.

Сонымен қатар 2025 жылға дейінгі ТМД елдерінде АКТ дамытудың стратегиялық кестесі анықталып, электронды байланыс жанынан ТМД елдерінің пайдаланушыларының сенім сервисін ұсыну мүмкіндіктері қарастырылады.

Айта кетейік, Астанада биылғы жылдың 6-7 қазанында Жаһандық электронды үкімет форумы-2014 шарасы өтеді. Оған электронды үкімет пен ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы алдыңғы қатарлы мамандардың басын қосады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны