16.06.2009, 13:05 1439

Астанада бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне қатысты іс сотта қаралуда (толықтырылған)

Астанада бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне қатысты іс сотта қаралуда (толықтырылған)

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа және мекеменің екі вице-министрі - Илжан Бралиев пен Зейнолла Сәрсенбаевқа қатысты іс сотта қарала бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қоршаған ортаны қорғау вице-министрлері Альжан Бралиев пен Зейнолла Сәрсенбаевқа бюджет қаражаттарын ұрлағаны және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін айып тағылды. Бұл туралы ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз хатшысы Дәмежан Есенбекова мәлімдеді.

"Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және 522 млн. 800 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері бойынша Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің лауазымды тұлғаларына және "Меркурий Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу ерекше назарға алынып отыр",- делінген мекеме таратқан хабарламада.

Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі А. Бралиевке қатысты сот оны қамау туралы санкция шығарды. Осы жылдың 6 наурызында оған бюджет қаражаттарын ұрлағаны және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін айып тағылды.

Ағымдағы жылдың 4 наурызында қоршаған ортаны қорғау вице-министрі З. Сәрсенбаевқа бюджет қаражаттарын ұрлағаны үшін айып тағылды.

Осы ведомство департаментінің директоры Т. Савицкаяға және "Меркурий Плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы В. Лайсқа жоғарыда көрсетілген сомадағы бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша сырттай айып тағылды, делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Альжан Бралиевке және "Меркурий плюс" ЖШС өкілі Жайылғановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай 3 маусымда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Бюджет қаражатын талан-таражға салу фактілері бойынша Қоршаған ортаны қорғаудың бұрынғы министрі Ысқақовқа, қоршаған ортаны қорғаудың екі вице-министрі Бралиев пен Сәрсенбаевқа және "Меркурий плюс" ЖШС өкілі Жайылғановқа қатысты қылмыстық іс прокуратура органдарымен тексеріліп, материалдары Астана қаласының Есіл аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жіберілді",- деді М.Жұманбай.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне мемлекеттік сатып алулар кезінде қаржы жымқырды және лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен "Меркурий плюс" ЖШС өкілі А. Жайылғановқа 1 сәуірде қызметтік өкілеттілігін пайдаланып 1 млрд 172 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. "Сол күні алдын-ала тергеу барысында табылған дәлелдердің негізінде Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Ысқақов пен Жайылғановты тұтқындауға санкция берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны