06.04.2015, 19:16 3641

Астанада ЕАЭО елдерініӊ сарапшылары Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын талқылады

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованыӊ қатысуымен Қазақстан, Ресей және Беларусь өкілдерініӊ Еуразиялық экономикалық одағы елдері еӊбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын пысықтау мәселелері қаралған жұмыс бабындағы кездесуі өтті

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованыӊ қатысуымен Қазақстан, Ресей және Беларусь өкілдерініӊ Еуразиялық экономикалық одағы елдері еӊбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын пысықтау мәселелері қаралған жұмыс бабындағы кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келіссөз барысында тараптардыӊ Келісім жобасына ескертулер мен ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ЕАЭО қатысушы елдердіӊ азаматтары үшін ақысыз негізде медициналық-әлеуметтік сараптама (күәландыру және қайта күәландыру) жүргізу және Еуразиялық экономикалық одағыныӊ біріктірілген ақпараттық жүйесініӊ қатысышы елдерініӊ ақпараттық сегментінде бірыӊғай ақпараттық ресурсты әзірлеу мәселелері талқыланды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны