20.02.2008, 14:04 3044

Астанада "экстази" есірткісінің ірі партиясы ұсталды

Астанада "экстази" есірткісінің ірі партиясы ұсталды

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы бір көңіл көтеру орнында "экстази" есірткісінің ірі партиясы ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аясын Байділдаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жедел -іздестіру шарасының барысында қаладағы бір көңіл көтеру мекемесінен "экстази" психотроптық затын сатқаны үшін алғаш рет 20 мен 25 жас аралығындағы екі жігіттен тұратын қылмыстық топ құрықталды, олардың бірі Еуразия Ұлттық университетінің студенті", - деді А. Байділдаев.

"Жалпы заңсыз айналымнан 50 дана "экстази" таблеткасы шығарылды. Сонымен бірге, ұсталғандардың тұрғылықты жерлеріндегі тінту кезінде героин мен марихуана табылып тәркіленді.

"Ұсталғандар ІІД-нің уақытша тергеу абақтысына қамалды. Есірткі сату деректеріне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", -деді А. Байділдаев.

Қазір тергеу жүргізілуде, психотроптық заттарды жеткізу арналары, оларды тарату схемалары мен қала аумағында сату орындары анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны