25.12.2014, 13:34 3590

Астанада Елбасыныӊ қатысуымен Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір басталды

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен жаӊа жобаларды іске қосу басталды.

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Индустрияландыру күні аясында жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен жаӊа жобаларды іске қосу басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы шара барысында елдіӊ индустриялық саясатыныӊ алғашқы бесжылдығыныӊ нәтижелері алдын ала қорытындылануда. Сонымен қатар Индустрияландыру картасыныӊ 15 жаӊа жобасы іске қосылып, өӊірлердегі бұған дейін пайдалануға берілген өндірістердіӊ қалай жұмыс істеп тұрғандығы көрсетіледі, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Айта кетейік, Үкімет жылына екі рет жарты жылдықтардыӊ қорытындылары бойынша Телекөпір түрінде ҮИИДБ шеӊберінде атқарылған жұмыстарға есеп береді. Биылғы жылы индустриялық саясаттыӊ алғашқы бесжылдығы аяқталады. Сондықтан желтоқсандағы Телекөпір тек Индустрияландыру картасыныӊ 2014 жылдыӊ 2-ші жартыжылдығындағы инвестициялық жобаларыныӊ пайдалануға берілген түсаукесерлеріне ғана емес, сонымен қатар, бесжылдықтыӊ алдын ала қорытындыларына да арналған.

Барлығы (15 жобаны есептегенде) 2014 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 150 жаӊа жоба іске асырылды. Телекөпірден соӊ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарыныӊ лауреаттарын, сондай-ақ, "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-конкурсыныӊ дипломанттарын марапаттайды.

Атап айтқанда, 2010-2014 жылдар аралығында 75 мыӊ тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, 770 жоба пайдаланылуға енгізілген. Тапсырылған жобалардыӊ 80 пайызы жоспарлы қуаттылыққа шықты.

Жаӊа кәсіпорындар 4 трлн. теӊгеге өнім шығарып, 628 млрд. теӊгеніӊ өнімін экспорттады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны