20.01.2012, 12:53 3429

Астанада елбасының қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің 5-ші сессиясы басталды

Астанада ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің 5-ші сессиясы басталды. Сессияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Елбасының сөзінен соң Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада елбасы Н.Назарбаевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламентінің 5-ші сессиясы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің 5-ші сессиясы басталды. Сессияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Елбасының сөзінен соң Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды.

"Бүгін өте маңызды күн. Еліміздің жоғары заң шығарушы орган жаңаша жасақталды. Таяуда Мәжіліс сайлауы тәуелсіздік тарихындағы бетбұрысты белес болды. Жарқын келешекке жауапты қадам жасап, біз демократиялық дамудың даңғылына шықтық. Осылайша, жаңа кезеңге жаңа құрылған Парламентпен бірге қадам бастық",- деп атап өтті сөз алған мемлекет басшысы.

"Мен ел сеніміне ие болған депутаттарды шын жүрегімнен құттықтаймын, зор табыстар тілеймін",-деп түйіндеді Елбасы.

Сонымен қатар Елбасы таяудағы оқиғалар қоғамымызды біріктіре түскенін атап өтті. "Еліміз тәуелсіздік жолында құндылық пен тұрақтылықты, тыныштық пен түсіністікті таңдады. Бұл - өрлеу мен өркендеу үшін дауыс берген отандастарымыздың ортақ олжасы мен жасампаз жеңісі", - деп түйіндеді Президент.

Парламенттің 5-ші шақырылымының бірінші сессиясына Сенаттың 44 депутатының 42-сі, 107 Мәжіліс депутатының 105-і қатысып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында 2012 жылы 20 қаңтарда сағат 10.00-де "Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. Кеше, 19 қаңтарда, Астанада Төртінші шақырылған ҚР Парламентінің жұмысы аяқталды.

15 қаңтарда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы өтіп, соның нәтижесінде Мәжіліске үш партия - "Нұр Отан" (83 депутат), "Ақ Жол" (8 депутат) және ҚКХП (7 депутат) өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны