26.06.2014, 19:34 3169

Астанада Елорда күніне орай халықаралық конференция басталды

Астанада Елорда күніне орай халықаралық конференция басталды

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Астанада Қазақстанның елордасына арналған "Ақпараттық қоғам контексіндегі елорда" атты жыл сайынғы жетінші халықаралық конференцияның ашылуы өтті. Оны ұйымдастырушылар елордалық әкімдік пен "Астана-Зерттеу" ҚҚ.

"Бұл маңызды оқиға биыл жетінші рет өтіп отыр. Сол себепті біздің кездесулер шын мәнісінде айтулы шараға айналды. Конференция тиімді диалог механизмі ретінде көрініс таппақ. Бірнеше жылдың ішінде оған 350-ден астам ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты, жыл санап оның саны артып келеді. Астананың өзі қоғамдық дамудың серпініне айналды. Оған дәлел халықаралық қауымдастықтың назарынан түспеуі", - дейді Елордалық ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары Илнұр Сейдуманов.

Айта кету керек, жыл санап аталмыш конференция Қазақстанның жас Астанасына 60 шақты қазақстандық және халықаралық зерттеушілер мен оқымыстыларды, тарих, экономика, пәлсапа, әлеуметтану және өзге де ғылым түрлерінің сарапшыларының басын қосады. Алдыңғы алты жылда конференцияға Пәкістан, Малайзия, Үндістан, Жапония, Ирак, Түркия, Франция, Германия, Ресей, Армения, Изірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Беларусьтен 350-ден астам зерттеушілері қатысты.

"Бүгінде мұнда қазақстандық және шетелдік сарапшылар, оқытушылар, ғалымдар, түрлі сала мамандары біздің елордамыздың күн тәртібіндегі мәселелері жайлы пікір алмасуда. Менің пікірімше бұл шара қалалар мен мемелекеттер арасындағы басты мәселелерді шешуге мүмкіндіктерді молайта түспек", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны