14.08.2006, 16:43 3093

Астанада есірткі сатушы алты адам ұсталды

АСТАНА. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Астанада есірткі сатушы алты адам ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Марат Демеуов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Елордасында қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған екі күнге созылған шұғыл шараның барысында заңсыз есірткі сатумен шұғылданған еліміздің алты азаматы ұсталды",- деді М.Демеуов. Оның айтуынша, әлгілерден 10 грамм героин тәркіленген. "Қазір есірткі сатушылардың бәрі тұтқындалып, олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, есірткі Астанаға қашан және қалай жеткізілгені, олар кімге сатылғаны төңірегінде тергеу жүргізілуде. Бұл тізбек тергеу барысында толық анықталады",- деді ІІД төрағасының орынбасары.

Сонымен бірге оның айтуынша, түнде жұмыс істейтін 17 көңіл көтеру орны тексерілді. "Осы тексерудің қорытындысы бойынша ішкі істер бөліміне есірткі тұтынатын 65 азамат профилактикалық тіркеуге қою үшін жеткізілді. Олардың біреуінің үстінен марихуананы асыра пайдалану дерегі бойынша оперативтік материал қозғалды",- деді М.Демеуов. Осы екі күнде жыныстық қызмет көрсетуді кәсіпке айналдырған 49 қыз ішкі істер бөліміне жеткізіліп, бәрі де тіркеуге алынды. "Олардың бір бөлігі жеке басы мен тұрғылықты жерін куәландыратын құжаттары болмауға байланысты қабылдап-таратқышқа орналастырылды. Қазір олардың Астанаға қайдан және қашан келгені, оларды кім әкелгені жөнінде тергеу амалдары жүргізілуде",- деді М.Демеуов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны