14.04.2014, 19:30 3155

Астанада EXPO-2017 қарсаңында қалалық нысандарды фотоэлектр панелімен жабдықтау жоспарланған

Астанада "EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысында қалалық нысандарды көшелер мен гүлбақтардан бастап кіреберістер мен автобус аялдамаларына дейін жарықтандыру үшін фотоэлектр панельдерін қолдана отырып, қаланың инфрақұрылымдық келбетін "көгалдандыру" жоспарланған.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Астанада "EXPO-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысында қалалық нысандарды көшелер мен гүлбақтардан бастап кіреберістер мен автобус аялдамаларына дейін жарықтандыру үшін фотоэлектр панельдерін қолдана отырып, қаланың инфрақұрылымдық келбетін "көгалдандыру" жоспарланған.

Астана қаласының әкімдігі хабарлағандай, күн жүйелері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін күн энергиясының мүмкіндіктері мен пайдасы туралы әрқашан да еске салып жүретін дағдыға айналады деп санайды компания өкілдері. Кездесу қорытындысы бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жақын арада ЕХРО-2017 өткізуге дайындық кезеңінде бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қою жоспарланған.

"EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жүргізу және оны өткізу дирекциясы" ЖШС және "Astana Solar" ЖШС өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесуде компания өкілдері елордада түрлі салаларда жасыл технологияларды енгізу кооперациясының негізгі аспектілерін талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны