12.02.2014, 18:44 10451

Астанада Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінің отырысы өтеді

13 және 14 ақпан күні Астана қаласында Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінің (МЕДЕФ Интернасьональ / ҚР сауда-өнеркәсіп палатасы) кезекті отырысы өтеді.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan today. 13 және 14 ақпан күні Астана қаласында Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінің (МЕДЕФ Интернасьональ / ҚР сауда-өнеркәсіп палатасы) кезекті отырысы өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кеңестің бұл отырысының мақсаты - Қазақстанның бизнес-ортасын дамытуға бағытталған нақты ұсыныстарды алға тарту, әріптестіктің жаңа жолдарын анықтау, француз кәсіпорындарының елдің саяси және экономикалық дамуының жол картасы болып табылатын "Қазақстан-2050" Стратегиясын жүзеге асыруда өз үлестерін қосуға деген ниеттерін көрсету, сондай-ақ болашақ энергиясы тақырыбындағы "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрменің дайындығына қатысу.

Осыған орай МЕДЕФ Интернасьональ елу француз компаниясының басын қосып, Қазақстанға сапармен әкеледі деп күтілуде. Сапар аясында олар Қазақстан Үкімет өкілдерімен, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындар өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізеді.

Айта кетейік, Франция-Қазақстан іскерлік кеңесі француз кәсіпорындары мен Қазақстанның мемлекеттік және жеке мекемелерінің басшылары арасындағы екіжақты сұхбат платформасы болып табылады. Кеңетің француз тарапы жыл сайын МЕДЕФ Интернасьональдың басқаруымен өтетін отырыстарын Парижде ұйымдастырады. Кеңестің соңғы отырысы 2013 жылғы наурыз айында Париж қаласында Франция мен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық коммиссиясының отырысымен қатар өткен болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны