26.06.2017, 18:43 9506

Астанада "Халифа Алтай және қайта оралған тарих" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция Қасиетті "Құран Кәрім" кітабын қазақ тіліне аударушы және алғашқы баспагері, дінтанушы-ғалым, жазушы, ақын, этнограф Алтай Халифа Ғақыпұлыныӊ санқырлы ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметін жан-жақты ашып көрсету; Алтай Халифа Ғақыпұлыныӊ қазақ диаспорасы арасында ислам дәстүрлерініӊ жаӊғыруына қосқан үлесін көрсету мақсаттарын көздеген болатын.

Астана. 26 маусым. Kazakhstan Today - Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығы әлем қазақтарыныӊ V Құрылтайы аясында Халифа Алтайдыӊ 100 жылдығына арналған "Халифа Алтай және қайта оралған тарих" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Конференция Астанада 2017 жылғы 24 маусымда Ұлттық академиялық кітапханасында өтті.

Конференция Қасиетті "Құран Кәрім" кітабын қазақ тіліне аударушы және алғашқы баспагері, дінтанушы-ғалым, жазушы, ақын, этнограф Алтай Халифа Ғақыпұлыныӊ санқырлы ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметін жан-жақты ашып көрсету; Алтай Халифа Ғақыпұлыныӊ қазақ диаспорасы арасында ислам дәстүрлерініӊ жаӊғыруына қосқан үлесін көрсету мақсаттарын көздеген болатын.

Бас қосу "Халық құрметтеген Халифа Алтай" атты деректі фильмді көрсетуден басталды.

Бұдан кейінгі кезек ғылыми баяндамаларға беріліп, онда Серікқазы Қорабай, Ибдіуақап Қара, Күлсия Қоӊырбаева, Светлана Смағұлова, Айжамал Құдайбергенова сынды ғалымдар баяндама жасап, Ислам Жеменей, Досан Баймолда сынды ғалымдар өз естеліктерімен бөлісті.

Ғалымдар конференция соӊында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы аясында "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласы бойынша Халифа Алтайдыӊ есімін енгізу туралы ұсыныс жасады.

Конференциядан кейін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде "Қазақстан ғалымдарыныӊ биобиблиографиясы" сериясында жарық көрген "Алтай Халифа Ғақыпұлы" атты кітабыныӊ тұсаукесері өтті. Халифа Алтайдыӊ ұлы Абдуррахим Халифаұлы Алтай кітап даналарын кітапхана қорына сыйға тартты.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар жария етілді.

Осы орайда М.Иуезов атындағы Идебиет және өнер институты Абайтану және жаӊа дәуір әдебиеті бөлімініӊ меӊгерушісі, профессор Серікқазы Қорабайдыӊ "ҰЛТТЫӉ РУХАНИ ҰСТАЗЫ" атты баяндамасын және конференция ұсыныстарын толық көлемде назарларыӊызға ұсынамыз:

ҰЛТТЫӉ РУХАНИ ҰСТАЗЫ

Еліміздіӊ тәуелсіздік алып, әлемдік деӊгейде танылуы және ғылым мен мәдениеттіӊ жаӊа мазмұнда қарыштап дамуы дәуірінде қоғаммен біте қайнасқан, халық ішінен шыққан, бүкіл өмірін ұлттық руханиятқа арнаған нағыз ұлтжанды, Алаш ұранды ғалымдар буыны мемлекет іргесін бекітіп, Отанымыздыӊ өркендеп өрлеуіне өз үлестерін қосты. Халқымыздыӊ талантты перзенті, діни ағартушы ұстаз, жазушы, ақын, этнограф Халифа Ғақыпұлы Алтай - ел ішінде аты аӊызға айналып, өнегелі істерімен және өрісті ғылыми, шығармашылық қызметімен даӊққа бөленген сондай жарқын тұлғалардыӊ бірі болатын.

Халифа Алтайдыӊ артында қалған ғылыми және әдеби мұрасы ауқымды да әралуан. Қазақ мәдениеті мен руханияты үшін Халифа абыз мұрасыныӊ маӊыздылығы оныӊ тереӊ білімділігі мен туған елініӊ рухани жаӊғыруына бағытталған қуатты қоғамдық жігерге толы зерттеушілік ойлау қабілетініӊ өткірлігі және тереӊдігімен ұштасқан жеке тұлғалық қасиетімен тығыз байланысты. Өмірініӊ негізгі бөлігі шет елдерде өткенмен, жүрегі атажұрт деп соққан ағартушы-ғалым есімі түркі әлеміне кеӊінен мәлім.

Жеті тілді жетік меӊгерген сұӊғыла ғалым бүкіл саналы ғұмырын туған халқыныӊ діни сауатын ашып, имандылық мұраттарына тәрбиелеуге, ислам дінініӊ қағидаларын ұғынықты тілмен түсіндіріп, ел арасында кеӊінен насихаттауға бағыттады.

Халифа Алтай шет мемлекеттерге шыққан әр сапарынан ерекше әсер алып, жаӊа ғылыми ізденістер үстінде жүрді. Мұсылмандық шығыс елдеріне барған сайын көкейінде қасиетті Құран Кәрім кітабын қазақ тілінде түсіндіру мақсаты маза бермеді.

1989 жылы дін қайраткерініӊкөптен бергі бұл арманы іске асты: бірнеше жыл бойы көз майын тауысып, алғаш рет қазақшаға тәржімалаған басты еӊбегі - "Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі" атты кітабы бастапқыда Қытай Халық Республикасыныӊ Шыӊжаӊ Ұйғыр автономиялы районында тұратын қазақтар үшін төте жазуда дайындалды да, 1989 және 1990 жылдары Ыстамбұлда жеке кітап болып жарық көрді, оныӊ 5 000 данасы Шыӊжаӊға жеткізілді.

Кітаптыӊ үшінші басылымы 1990 жылы Ыстамбұлда кириллицамен, 1991 жылы кириллицада компьютерлік теріммен шығарылды және Құранныӊ осы аудармасы 500 мыӊ дана таралыммен Қазақстанға тарту ретінде Сауд Арабиясында жарық көрді. Халифа Алтай 1994 жылы қажылық сапары барысында, кітапты тікелей Алматыға жеткізу мәселесін шешіп келді.Соныӊ нәтижесінде Исламды қолдаудыӊ Халықаралық қорыныӊ Алматы кеӊсесі қазақ тіліндегі "Құран Кәрім" кітабыныӊ170 мыӊ данасын халық арасында тегін тарату үшін Меккеден алдырды. Моӊғолия қазақтары үшін 10 мыӊ дана кітапты жеткізу Прага және Гонконг арқылы қамтамасыз етілді.

Қасиетті Құран Кәрім кітабыныӊ алғаш рет қазақ тіліндегі түсіндірмелерініӊ жарық көруі - ғұлама ғалым Халифаныӊ руханият жолындағы теӊдессіз еӊбегі, ислам дінін қазақстандық қоғамда насихаттап тарату ісіндегі үлкен ерлігі еді. Осылайша қасиетті кітаптыӊ ана тіліндегі тұӊғыш мағыналық аудармасы мен түсініктері әлем қазақтарыныӊ рухани игілігіне айналды. Түркияда тұратын қазақ ғалымы, профессор Ибдіуақап Қара Құран Кәрімніӊ қазақ тіліндегі бұл алғашқы аудармасын Түркия қазақтарыныӊ дін бостандығы жөніндегі арпалысыныӊ символы ретінде бағалады.

Халифаға 1990 жылы тарихи Отанға барып қайту барысында елдегі тіл мен дін ахуалын нақты байқайды. Түркияға қайтып келісімен: "Мен Қазақстанға барамын. Тілі, діні құрып барады екен. Сол жерге барып, білгенімді үйретпесем, маған күнә болады" деп көшуді ойластыра бастайды. 1992 жылы ақпанда Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ шақыруымен Атажұртқа біржолата қоныс аударады. Қазақстан тәуелсіздік алғанда шет елдерден қандастарымыз арасынан бірінші болып елге көш түзеген абыз қария Халифа Алтай болатын.

1993 жылы 17 желтоқсанда Халифа Алтай Қазақстан Республикасыныӊ азаматы атанып, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығыныӊ тұсаукесер рәсімінде Елбасы Н.И. Назарбаевтыӊ қолынан шетелдік қазақ қауымы алдында Қазақстан азаматыныӊ төлқұжатын алу бақытына ие болды. Мемлекет басшысы оны екі рет ресми қабылдады.

Тарихи Отанымен қауышқан Алаштыӊ арда ұлына деген халық құрметі ерекше болды. "Атажұрттан Анадолыға дейін" атты кітабы үшін ол Қазақстан Жазушылар одағы тағайындаған халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығыныӊ алғашқы лауреаты атанды.

Халифа Алтай елге келген соӊ жетпіс жыл бойы атеизм идеясы сіӊірілген қоғамныӊ діни саяздығын жете түсініп, бар ынта-жігерімен іске кірісті. Ислам дінін уағыздау мақсатында Қазақстан қалаларын түгелдей дерлік аралап, тура жолға, хақ дініне шақыратын іс-шаралар ұйымдастырды. 1995 жылы ол Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жанындағы "Инабат" исламдық тәрбие орталығын басқарып, баспасөз беттерінде белсенді түрде мақалалар жариялады, телеарналар мен радиода имандылық, дін тақырыптарында сұхбат берді. Мысалы, "Түркістан" газетініӊ бірнеше санында оныӊ ораза айт туралы, оразаныӊ аяқталу мерекесіне арналған жарияланымдары жарық көрді.

Шын мәнінде, Халифа Алтайдыӊ Қазақстанға көшіп келуі жаӊа кезеӊде ислам дінін тыӊ серпінмен насихаттауға бастау болып, халқымыздыӊ діни ағартушылығыныӊ тарихи сабақтастығын қалпына келтірді. Халифа Алтайдыӊ Қазақстанға оралуына орай оны Алматыда Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасыныӊ басшылығы және барлық облыстардыӊ діни өкілдері ресми түрде қарсы алды.

1997 жылы Халифа Алтайдыӊ 80 жылдық мерейтойы бүкіл республика көлемінде кеӊінен аталды. Алматыдағы М.О. Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында абыз қария тойына арналған салтанатты кеш болды. Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаев мерейтой иесіне жолдаған құттықтауында: "Сіздіӊ бар өміріӊізді - халқымызға адал еӊбек етудіӊ, дін жолында таза болудыӊ үлкен үлгісі деп бағалаймыз. Киелі Кітабымызды, басқа да діни шығармаларды ана тілімізге алғаш аударып, қандастарымыздыӊ мұсылмандық рухани шөлін қандырғаныӊыздыӊ бір өзі неге тұрады?!" деп исламдық дәстүрді жаӊғыртуға қосқан үлесіне алғыс білдірді.

1999 жылы Халифа Алтай Халықаралық ислам қайырымдылық қорын құрды және оныӊ Президенті болды. 2003, 2008, 2009 жылдары осы қор Халифа Алтай аудармасы негізінде Құранныӊ арабша транскрипциясы және қазақша мағынасы жарияланған жаӊа басылымын шығарды. Қор Халифа Алтайдыӊ "Хұтпалар", "Ғибадатул-Ислам" атты еӊбектерін, сонымен қатар "Мұсылман қорғаны", "Құран және ғылым", "Ислам ақиқат көзімен қарағанда", "Исламныӊ ғажайып құндылықтары", "Рухани тәрбие сабақтары", "Пайғамбардыӊ көркем мінезі", "Ислам дінініӊ негіздері" және орыс тілінде - "Уникальное пособие для ищущего знания" және "Крепость мусульманина" атты кітаптарын жарыққа шығарып, тегін таратты.

Ақыл-парасатымен халқына қадірлі, еліне шапағатшыл болған абыз 2003 жылы 86 жасында Алматы қаласында өмірден өтті. Соӊғы демі бітерде марқұм: "Егер мен олай-бұлай болып кетсем мені қайтадан Түркияға сүйремеӊдер. Мен өз Отаным Қазақстанға келдім. Тілді тарқаттым, дінді қал-қадерімше насихаттадым. Енді меніӊ арманым жоқ. Соӊғы айтарым, мені қайтыс болғанда қазақ топырағына көміӊдер" деген екен. Оныӊ сол арманы да орындалды. Халифа Алтай 2003 жылы 17 тамызда Алматы қаласында жерленді.

Дінтанушы-ғалым ретінде оныӊ есімініӊ халық жадында мәӊгілікке сақталғаны - аудармашылық және діни-ағартушылық еӊбегі болып қалады. Ол түрік және қазақ тілінде жазылған 10 кітаптыӊ авторы. Бұдан басқа көптеген зерттеу, ғылыми-танымдық мақалаларын, публицистикалық туындыларын жариялады.

Халифа Алтай Құран Кәрім кітабын аудару өте жауапты іс болғандықтан, оған үлкен дайындықпен кірісті. Өзіне дейінгі зерттеулерді сараптап, түркі тілдес халықтардыӊ және урду, парсы аудармаларымен салыстыра отырып, тұпнұсқаға барынша деӊгейлес болуын назарда ұстады. Дін қайраткері Құран сөздерін туған тілінде өз түсінігімен баяндап беруге тырысты. Ол өз аудармасы мен түсініктерінде беделді тәпсіршілерге жүгініп, Құран тілі туралы еӊбектерді орынды пайдалана білген. Халифа аудармасында Құран мағынасыныӊ біреуі таӊдалып алынған жағдайда, оныӊ соӊында дереккөз символмен көрсетілген. Сондай-ақ, шығарманыӊ кіріспесінде жалпы мәліметтер, түркі тілдеріндегі тәпсірлер туралы мағлұмат, сонымен бірге Құран ұғымдары сөздігі мен тақырыптық түсіндірме берілген.

Мысырлық белгілі дінтанушы-ғалым, Махмұд Фаhми Хижази: "Халифа Алтайдыӊ тілдік, мәдениеттік болмысы - оныӊ барлық түркі тілдерін меӊгеріп алуына септігін тигізді. Оныӊ қазақ тіліндегі аудармаларына жасаған кіріспелерінде татар, өзбек, әзірбайжан, түрік тілдеріндегі кітаптардыӊ, аудармалардыӊ, тәпсірлердіӊ аттары көрсетілген, әрі оған қоса урду, парсы тілдерін меӊгерген. Ал, оныӊ Құран Кәрімге, Тәпсірге деген қызығушылығы араб тілін де тиісті деӊгейде білуге ықпал етті. Оныӊ ислами ағартушылық мәдениеті барлық ислами ілімдерді қамтыды. Мұны оныӊ көптеген шығармалары айғақтайды" деп Халифа Алтай аударған Құран Кәрімніӊ іргелі ғылыми еӊбек екенін ерекше атап өтеді.

Құран Кәрім кітабыныӊ мағыналарын тану ілімініӊ негізін қазақ ғылымында Халифа Алтай салды деп батыл айта аламыз. Ел өміріндегі мұсылман қауымыныӊ рөлі туралы ой қозғағанда ар, ұят, руханилық және имандылық қағидаларын абыз қария есімімен тығыз байланыстырамыз. Осы тұрғыда Құран Кәрімніӊ мағыналарын қазақша түсіндірудегі алғашқы талпыныс - ғұламаныӊ өмір бойы тарихи Отанын, Атамекенін шексіз сүйіп өткенініӊ нақты дәлелі деп білу керек.

Халифа Алтай есімі республика бойынша сыйымдылығы жағынан үшінші орын алатын Өскемен қаласындағы орталық мешіт пен Алматы облысыныӊ Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылындағы жаӊа мешітке берілді. Оныӊ атында Алматы және Сәтбаев қалаларында көше бар.

"Қазақстан тарихы" атты академиялық бес томдықтыӊ қазақ диаспорасына арналған тарауында Халифа Алтайдыӊ қайраткерлік және ғылыми қызметі туралы ерекше атап көрсетілген. Ал 2015 жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы орыс тілінде дайындап шығарған "Қазақ диаспорасы және Атамекенге оралу (1991-2012)" атты іргелі ұжымдық монографиясында "Қазақ диаспорасындағы исламдық дәстүрлердіӊ жаӊғыруы: Халифа Алтайдыӊ қосқан үлесі" атты жеке тарау жарық көрді. Халифа Алтайдыӊ діни ағартушылығы туралы осылайша гуманитарлық ғылымда алғаш рет зерттеу жүргізілді.Ғалымныӊ есімі көптеген оқулықтарға да енгендігін атап өткен жөн.

Шетелдік ғалымдар, Майнц және Гисен университеттерініӊ профессорлары Ларс Йохансон мен Марк Кирхнер Халифа Алтайдыӊ "Атажұрттан Анадолыға дейін" атты кітабын жан-жақты зерттеу барысында Еуропада ағылшын тілінде шығатын "Acta Orientalia" журналына мақала жариялап, бұл еӊбекке қазақ халқы мәдениетініӊ энциклопедиясы деген жоғары баға берді.

Түркияныӊ белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдары Халифа Алтайдыӊ еӊбектерін ғылымға қосылған зор үлес ретінде қарастырса,араб журналисі Махфуз әл-Амин Халифа Алтаймен сұхбатында оны шейх деп атады.1998 жылы Түркия Дін істері басқармасыныӊ Анкарада жарық көрген "Түркияда болған түркі тұлғалары" атты кітабында Халифа Алтайдыӊ өмірбаяны мен кітаптарынан үзінділер жарияланып, оған "Түркі әлемініӊ ғұламасы" деген баға берілді.

2007 жылы 6 желтоқсанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Халифа Алтайдыӊ туғанына 90 жыл толуына арналған "Көрнекті дін және қоғам қайраткері Халифа Алтай: елдік іс пен имани құндылықтар" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Ал биыл 10 мамырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ ұйымдастыруымен Өскемен қаласында дін қайраткерініӊ100 жылдығына арналған "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру және Халифа Алтайдыӊ ғылыми мұрасы" атты халықаралық конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыныӊ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Ресейдіӊ Алтай аймағыныӊ мүфтиі, діни басқарманыӊоблыстардағы өкіл имамдары, Халифа Алтайдыӊ өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеуші ғалымдар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ мұрағатында және Алматы қаласыныӊ Орталық Мемлекеттік мұрағатында сақталған дінтанушы-ғалымныӊ көптеген құжаттары мен қолжазбалары өз зерттеушілерін күтуде.

Халифа Алтай өмірініӊ еӊ бақытты сәттерін тәуелсіз Қазақстанда өткізді. Шын мәнінде, ол осы жерде өзініӊ зияткерлік еӊбегініӊ жемісі - рухани тазаруды және қоғамныӊ жаӊаруын көрді. Туған халқы оны рухани ұстазы ретінде қабылдады. Ол өзініӊ тарихи Отанына, өз халқына исламға сенім атты баға жетпес рухани байлық ала келді.

Ұлтымыздыӊ рухани құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, оны іс-жүзінде өзініӊ өмірлік тұғыры еткен ірі дінтанушы-ғалым, Алаштыӊ абыз ақсақалы Халифа Алтайдыӊ ой-тұжырымдары болашақты меӊзейді. Оныӊ мақсат-мүдделері мен аманат етіп қалдырған өсиеттері қаншалықты деӊгейде қабылданып орындалатыны еліміздіӊ мәдени және рухани өмірініӊ жағдайына байланысты болмақ.

Қазақ руханиятына өшпес мұра қалдырып, өнегелі тағдырымен үлгі көрсетіп кеткен Халифа Алтай есімі есті жанныӊ жадынан өшпесі хақ.

КОНФЕРЕНЦИЯ ҰСЫНЫСТАРЫ:

1. Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы аясында "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласы бойынша Халифа Алтайдыӊ есімін енгізу;

2. Халифа Алтай есімін мәӊгі есте қалдыру мақсатында әкімшіліктерге: Қазақстанныӊ елді мекендеріне, көшелерге Халифа Алтай есімін беру;

3. Қазақстан Республикасыныӊ Білім және ғылым министрлігіне:

3.1 Халифа Алтайдыӊ еӊбектерін оқу орындарында арнайы курсқа енгізу;

3.2 Жоғары оқу орындарындағы философия және дінтану факультеттерінде Халифа Алтайдыӊ еӊбектері бойынша курстар оқуды енгізу;

4. Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат министрлігіне:

4.1 Халифа Алтайдыӊ өмірі мен шығармашылығын телеарналар мен радиохабарларда, интернет жүйелерінде, БАҚ басылымдарында Қазақстан халықтарыныӊ тілінде насихаттау;

4.2 Оқу орындарына арналған деректіфильм түсіру;

5. Қазақстан Республикасыныӊ Мәдениет және спорт министрлігіне:

5.1 Халифа Алтайдыӊ өмірі мен шығармашылығы жөніндегі материалдар мен кітаптарды Қазақстан кітапханаларыныӊ веб. сайттарында орналастыру;

6. Қазақстан мұсылмандарыныӊ діни басқармасына:

6.1 Халифа Алтай есімін медреселерге, мешіттерге беру;

6.2 Жас қарилер арасында жарыстар өткізіп Халифа Алтай атындағы сыйлықтар тағайындау;

7. Халифа Алтай халықаралық қайырымдылық қорына:

7.1 Дінтану мамандығына оқып жатқан студенттерге Халифа Алтай атындағы стипендиялар тағайындау мүмкіндіктерін қарастыру;

8. Дүниежүзі қазақтарыныӊ қауымдастығына:

8.1 "Қазақстан ғалымдарыныӊ биобиблиографиясы" сериясында "Алтай Халифа Ғақыпұлы" атты кітабын Қауымдастықтыӊ qazaq-alemi сайтында орналастыру;

8.2 Конференцияныӊ материалдарын және ұсыныстарын Қауымдастықтыӊ qazaq-alemi сайтында орналастыру.

АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ:

2017 жылы 25 желтоқсанда түркі әлеміне кеӊінен танымал дінтанушы-ғалым Алтай Халифа Ғақыпұлыныӊ туғанына 100 жыл толады. Республика Ғылым Академиясыныӊ құрылтайшыларыныӊ бірі Ақжан әл-Машанидіӊ бағалауынша, Халифа Алтай Құранныӊ аудармасы мен түсініктерінен басқа ешнәрсе жазбаған күнніӊ өзінде, ол басқа көрнекті ғалымдармен қатар тұрған болар еді.

Республика Президенті Н.И. Назарбаевтыӊ шақыруымен Халифа Алтай Түркиядан Қазақстанға көшіп келді. Ол Ұлт Көшбасшысыныӊ этникалық көші-қон саясатын қолдап қана қоймай, өз ісі арқылы Түркия және Еуропа елдері қазақтарына үлгі де бола білді. Халифа Алтай есімі мемлекеттік шекаралар арқылы бөлініп қалған қазақ халқын біріктіру үшін зор маӊызға ие.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны