02.04.2015, 19:10 3525

Астанада халықаралық сарапшылар сыбайлас жемқорлықты түйсінудіӊ Ұлттық индексі әдіснамасын талқылады

Бүгін Астанада Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен бірлесе отырып "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институтыныӊ ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлықты түйсінудіӊ Ұлттық индексі әдіснамасын әзірлеу" (СЖТҰИ) тақырыбында семинар-тренинг өтті

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебімен бірлесе отырып "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институтыныӊ ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлықты түйсінудіӊ Ұлттық индексі әдіснамасын әзірлеу" (СЖТҰИ) тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараныӊ модераторы ретінде "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институтыныӊ Директоры Саясат Нұрбек қатысты. Ол өз сөзінде "СЖТҰИ-ді жасау идеясы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл партиялық Бағдарламасыныӊ тиімділігін бақылау мақсатында, сыбайлас жемқорлықты түйсіну деӊгейін ұдайы түрде өлшеу қажеттілігінен туындады" деп атап өтті.

Бұл бағдарлама 2014 жылдыӊ қарашасында өткен "Нұр Отан" партиясы Саяси кеӊесініӊ отырысында қабылданғанын айта кеткен жөн. 2014 жылдыӊ желтоқсанында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасы мақұлданды. СЖТҰИ-ді әзірлеу сыбайлас жемқорлықты зерттеу саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылардыӊ белсене атсалысуымен, "Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институытмен жүзеге асырылуда.

Семинар барысында Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебініӊ шетелдік сарапшылармен сыбайлас жемқорлықты түйсінуді зерттеудіӊ халықаралық тәжірибелері мен әлемге танымал Трансперенси Интернешнл және Илемдік банк секілді сыбайлас жемқорлықты түйсінудіӊ индекстерініӊ сапасы мен сенімділігі туралы есептер презентация түрінде ұсынылды.

Қоғамдық саясат институтымен СЖТҰИ-діӊ әзірленген әдіснамасыныӊ жобасы ұсынылды. Идіснаманы талқылауға Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебініӊ, Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебініӊ халықаралық сарапшылары мен белді қазақстанддық сарапшылар қатысты.

Жалпы, Институтпен әзірленген СЖТҰИ-діӊ әдіснамасы халықаралық сарапшылардыӊ қолдауы мен мақұлдауына ие болды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылардыӊ тарапынан ұсыныстар мен кеӊестер айтылды. Айтылған ұсыныстар мен кеӊестер СЖТҰИ-ды түзету барысында ескерілетін болады.

"Нұр Отан" партиясы Қоғамдық саясат институты мен Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі туралы мәліметтер:

Қоғамдық саясат институты (2013 ж. дейін "Парламентаризм институты") 2007 жылы құрылды. Институттыӊ міндеті "Нұр Отан" партиясыныӊ стратегиялық құжаттарын әзірлеу, партия бағдарламалары мен жобаларына сараптық үлес қосу және Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үдерістерді зерттеу болып табылады.

Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі 2012 жылы ашылды. Өзініӊ ашылу сәтінен бастап аймақтыӊ өзекті саяси мәселелері бойынша жоғары сапалы зерттеулер мен талдауларды, және де саясаткерлер мен көшбасшылардыӊ келесі ұрпағын оқытуды жүзеге асыратын, Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі жетекші мектепке айналуға ұмтылуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны