21.04.2014, 21:24 3598

Астанада Инновациялық конгресс өтеді

Конгресс бағдарламасы ҚР инновациялық дамуының өзекті сұрақтарын қарастырады. Ол мемлекеттік қолдау құралдары мен индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасындағы инновацияның рөлі тақырыбына кеңінен тоқтайды.

Алматы. 21 сәуір. Kazakhstan today. 22 мамырда Астана қаласында "Индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасындағы инновацияның рөлі" Инновациялық конгрессі өтеді.

Конгресс бағдарламасы ҚР инновациялық дамуының өзекті сұрақтарын қарастырады. Ол мемлекеттік қолдау құралдары мен индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасындағы инновацияның рөлі тақырыбына кеңінен тоқтайды. Трансферттік технологиялар мен коммерцияландыру сынды сұрақтар да назардан тыс қалмайды.

Конгресс жұмысына Германия, Жапония, Корея, Ресей, Франция, АҚШ елдерінің делегаттары қатысады, деп "Технологиялық реттеу бойынша Ұлттық агенттік" АҚ хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны