31.03.2014, 19:34 6799

Астанада IX Инновациялық конгресс өтеді

VІІ Астана экономикалық форумының аясында "Инновациялық Қазақстан - 2050: болашаққа көзқарас" деген тақырыпта Инновациялық конгресс өтеді.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. VІІ Астана экономикалық форумының аясында "Инновациялық Қазақстан - 2050: болашаққа көзқарас" деген тақырыпта Инновациялық конгресс өтеді.

VІІ Астана экономикалық форумының аясында IX Инновациялық конгресс өтеді, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік хабарлады.

Биылғы жылғы Конгрестің бағдарламасына Қазақстанның инновациялық дамуының өзекті мәселелері, атап айтқанда инновациялық дамуды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, елді индустрияландырудың екінші бесжылдыққа арналған жаңа бағдарламасындағы инновацияның ролі, инновациялар бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту, т.б. мәселелер кіріп отыр.Осы уақыт аралығында Инновациялық конгресс алаңында 20 елдің 130 спикері баяндама оқыды. Конгресс барысында 100 млн доллар сомасын құрайтын 40 меморандумға қол қойылды. Инновациялық жобаларды таныстыру аясында 90 қазақстандық инновациялық жоба көрсетілді.

Және басқосуға Германия, Жапония, Корея, Ресей, Франция, АҚШ елдерінің делегациялары қатысады деп күтілуде.

Инновациялық конгресс Астана экономикалық форумының аясында осымен төртінші рет өткізіледі және осы аралықта ол халықаралық маңыздағы үлкен шараға айналып отыр.

Оны ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ ұйымдастырып келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны