17.07.2014, 20:48 2452

Астанада ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық жиыны өтеді

Астанада 22-24 шілде аралығында ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық жиыны өтеді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР мәдениет министрі, ЮНЕСКО істері ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Алматы. 17 шілде. Kazakhstan today. Астанада 22-24 шілде аралығында ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық жиыны өтеді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР мәдениет министрі, ЮНЕСКО істері ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

"Ауқымды шара ел имиджін көтеруге септігін тигізеді. Қазақстан жасампаздық бағытты ұстанатын мемлекет. Қазақстан геосаясат саласындағы аймақтық және әлемдік деңгейдегі мемлекет. Қазіргі танда біздің еліміз әлемдік өңердің орталығына айналды", - деді А.Мұхамедиұлы.

ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық жиынына 130-дан астам мемлекет қатысады. Олар ЮНЕСКО-ның Африка, Азия, Тынық мұхит, Еуропа, Солтүстік Америка мен Латын Америка және кариб бассейні - 5 аймақаралық топтарының өкілдері.

Мәдениет министрлігінің басшысы ЮНЕСКО істері бойынша ұлттық комиссияның бірінші аймақаралық жиыны экономикалық тұрғыда Қазақстанға басқа мемлекеттердің бастамаларын тартады. "Қазақстандық тарап жиналыс өтетін залды жалға алады және көлік пен ішкі шығындарды көтереді. Ал, делегаттар өз есебінен келеді", - деп ол толықтырды.

Форумға бақылаушы ретінде ЮНЕСКО-ның халықаралық серіктес ұйымдары - АЛЕКСО, ОАЗХИ, ТҮРКСОЙ қатысады.

Қазақстандық делегация құрамына ЮНЕСКО және ИСЕСКО істерінің ҚР Ұлттық комиссиясының мүшелері, министрліктер мен ведомсвтолардың өкілдері, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері енген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны