10.08.2017, 19:22 4823

Астанада Қызылорда облысыныӊ мәдениеті күндері ашылды

Шара аясында тарихи-өлкетану және қолөнер шеберлерініӊ көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, спектакльдер мен концерттер, сондай-ақ Сыр өӊірініӊ ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, халықаралық ғарыш станциясындағы 52-ші экспедиция экипажы көрмеге келушілермен байланысқа шығып, Астана тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдайды.

Қызылорда. 10 тамыз. Kazakhstan Today -Бүгін, 10 тамыз күні, "Қазанат" ипподромы жанындағы этноауылда Қызылорда облысыныӊ мәдениеті күндері ашылды.

- Қызылорда өӊірі бүгінгі мәдени күндерге лайықты тарту-таралғымен келіп отыр. Оныӊ бір көрінісі "Қазанат" ипподромында ашылғалы тұрған "Сыр шежіресі" атты Сыр елі қолөнер шеберлерініӊ және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы экспонаттарыныӊ көрмесі. Сондықтан да осы көрмеге біздіӊ қолөнер шеберлері өздерініӊ лайықты туындыларымен келіп отыр деп айта аламыз. Өйткені өздеріӊіз білесіздер, сырын бойына бүгіп жатқан Сыр өлкесі бір қарағанда табиғаты жұтаӊ болғанмен, өнер, шығармашылық тұлғаларына ешқашан кенде болған емес. 1926-2928 жылдары Қызылорда қаласы алғаш астана болған кезде еӊ алғашқы кәсіби көрме ұйымдастырылды. 1928 жылы алғашқы көшпелі көрме де Қызылорда қаласынан қазақ даласына сапарға шыққан екен. Сонымен бірге қазақтыӊ кәсіби театры да шымылдырығын Қызылорда қаласынан ашқан сәтте сол театрдыӊ алғашқы кескіндемешісі болған Ләтипа Мұӊайтпасова да Сырдыӊ тумасы. Қолөнер шеберлерлерініӊ Қызылорда облысында салынған сара жолы бар. Сол жолды бүгінгі шеберлер лайықты жалғастырып келе жатыр. Бүгінгі көрме 10 күн бойы барша туристерге, қала тұрғындары мен қонақтарына тиімді бағада ұсынады деп ойлаймыз. Қызылорда облысы Елордадағы осындай сый-құрметімен келіп отыр,- деді Қызылорда облысы әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов.

Көрмеде облыстық тарихи-өлкетану музейініӊ Сыр елініӊ бай мәдени мұрасы мен асыл қазынасынан сыр шертетін экспонаттары ұсынылады. Мұнымен қоса, 25 сәндік-қолданбалы өнер шеберлері "Шығыс базары" жәрмеӊкесінде өз өнімдерін ұсынады. Сондай-ақ мұнда зергерлік бұйымдар мен киіз өнімдерін жасау, сүйек өӊдеу мен тоқыма тоқудан шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Көрме 20 тамызға дейін жалғасады.

Бүгін сағат 19.00 де Максим Горький атындағы академиялық драма театрында Иран Ғайыптыӊ "Қорқыт" спектаклі көрсетіледі. Спектакль қойылымына автордыӊ өзі де қатысады.

Естеріӊізге сала кетейік, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада 10-14 тамыз аралығында Қызылорда облысыныӊ мәдени күндері өтеді. Шара аясында тарихи-өлкетану және қолөнер шеберлерініӊ көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, спектакльдер мен концерттер, сондай-ақ Сыр өӊірініӊ ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, халықаралық ғарыш станциясындағы 52-ші экспедиция экипажы көрмеге келушілермен байланысқа шығып, Астана тұрғындары мен қонақтарына ғарыштан сәлем жолдайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны