20.05.2014, 21:29 2290

Астанада құқық қорғау қызметінің персоналын басқару мәселесі талқыланады

2014 жылдың 21 мамыр күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен VII Астаналық экономикалық форумның форматы аясында "Мемлекеттік қызмет, оның ішінде құқық қорғау қызметі жүйесінде біліктілік әдістемесі негізінде персоналды басқару" тақырыбына арналған панельдік сессиясы өткізіледі.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. 2014 жылдың 21 мамыр күні Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен VII Астаналық экономикалық форумның форматы аясында "Мемлекеттік қызмет, оның ішінде құқық қорғау қызметі жүйесінде біліктілік әдістемесі негізінде персоналды басқару" тақырыбына арналған панельдік сессиясы өткізіледі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру бойынша нақты бағдарлар көрсетіліп негізгі басымдықтар белгіленген.

Алға қойылған міндеттерге сәйкес осы сессияны жүргізу: мемлекеттік қызметтің ұлттық және шетелдік тәжірибедегі адам ресурстарын тиімді басқаруды зерттеуге; халықаралық ұйымдармен, сарапшылармен және ғалымдармен ынтымақтастық орнату; тиімді персонал қалыптастыру жөніндегі үзіліссіз тәжірибе алмасу үшін институттық алаң құру; жаҺандық сындардың талаптары мен қоғамның сұрауына сәйкес келетін қызметкерлерді даярлау.

Сессияның жұмыс қорытындысы бойынша құқық қорғау қызметі жүйесіндегі персоналды басқару мәселелерінде халықаралық ынтымақтастық аясында ұйымдық және ғылыми күш-жігерді біріктіру жөніндегі ақпараттық-ресурстық орталық құру жоспарлануда.

Сессияның жұмысына Қазақстан Республикасының Президенті Икімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, қазақстандық, шет елдік ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны