15.10.2016, 11:06 3697

Астанада Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ ауылшаруашылығы жәрмеӊкесі өтуде

Бүгінгі жәрмеӊкеге Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев пен Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, ауыл шаруашылық өнімдерімен танысты.

Шымкент. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын өткізу аясында "Қуатты өӊір - қуатты Қазақстан" Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Елордасы - Астанадағы күндері басталды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Осы күндері "Қазақстанда жасалған" акциясыныӊ шеӊберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердіӊ көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жәрмеӊкесі өтуде. Мұнда астаналықтарға 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудалануда.

Бүгінгі жәрмеӊкеге Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев пен Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, ауыл шаруашылық өнімдерімен танысты. Өз кезінде облыс әкімі азық-түлік бағасыныӊ негізсіз өсуіне жол бермейтін мұндай жәрмеӊкелерді жиі ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен, жалпы көлемі 304 тонна болатын өнімдердіӊ құрамында 60 тонна ет және ет өнімдері, 126 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 7 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұбат, 25 мыӊ дана жұмыртқа, 40 тонна бақша өнімдері, 7 тонна балық, 7 тонна бал, 3 тонна өсімдік майы мен 5 тонна кептірілген жеміс 15 тонна басқа да өнімдер бар.

Елордалықтарға алып келген ауыл шаруашылық өнімдерініӊ жалпы құны 100,8 млн.теӊгені құрайды. Екі күнге жалғасатын ауыл шаруашылығы жәрмеӊкесіне 50-ден астам өӊірдіӊ тауар өндірушілері сапалы әрі балғын өнімдерін тұрғындарға ұсынуда.

Оӊтүстік Қазақстан облысы ауыл шарушылығы бағытында жүйелі жұмыстар атқарып, толағай табыстарға жетіп отыр. Атап айтқанда биыл облыс шаруаларымен 470 мыӊ тонна (2015жылы 246 мыӊ тонна) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га құрады. Бұл Қазақстанныӊ Тәуелсіздік кезеӊіндегі еӊ үлкен рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ал жеміс-жидек дақылдары мен жүзімніӊ көпжылдық екпелерініӊ көлемі жылдан - жылға ұлғаю үстінде. Нақтырақ айтсақ, 2008-2016 жылдар аралығында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімніӊ көпжылдық екпелерініӊ егіс көлемі 17,7 мыӊ га болса, биыл бұл 30 мыӊ га жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны