16.06.2017, 13:58 5971

Астанада Оӊтүстік-Оӊтүстік ынтымақтастығы бойынша араб мемлекеттері, Еуропа және ТМД елдеріне арналған аймақтық форум өтті

Астанада Оӊтүстік-Оӊтүстік ынтымақтастығы бойынша араб мемлекеттері, Еуропа және ТМД елдеріне арналған аймақтық форум өтті

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Араб, Еуропа және ТМД мемлекеттері кіретін 40 елдіӊ Оӊтүстік-Оӊтүстік ынтымақтастығы бойынша ұлттық үйлестіруші орталықтары мен даму саласындағы институттар өкілдері өзара байланыс орнатудыӊ аймақтық форумына жиналды. Тараптар Астана экономикалық форумы - 2017 аясында ұсынылған тұғырнамада Оӊтүстік-Оӊтүстік және Үш жақты ынтымақтастықтыӊ әріптестік мәселерін талқылап, оныӊ ішінде "жасыл" экономика бойынша ынтымақтастықты дамытуға баса назар салды.

Форум жұмысына ҚР Ұлттық экономика министрлігі, БҰҰ Даму Бағдарламасыныӊ Еуропа, ТМД және Еуропа елдері бойынша аймақтық Бюросы, БҰҰ Оӊтүстік-Оӊтүстік ынтымақтастығы бойынша Басқарма, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өӊірлік хаб, Ислам даму банкі, Ислам елдеріне арналған Статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты жетекшілері мен басқа да халықаралық ұйымдардыӊ жоғарғы лауазымды тұлғалары қатысты.

Форумды ҚР Ұлттық экономика министрі орынбасары Ернар Бакенов, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өӊірлікхабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов және бірқатар халықаралық ұйым өкілдері ашты.

"Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өӊірлік хабы Қазақстан үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасыныӊ алдыӊғы қатарлы бастамасы бола отырып, құрылғаннан бастап, әріптестікке, мемлекеттік қызмет саласындағы әлеуетті арттыруға, "теӊ теӊімен" қағидаты бойынша оқытуға бағытталған, күн тәртібі икемді әрі азаматтар сұранысын бағдар тұтатын көпжақты тұғырнама ретінде мәлім," - деді Илихан Байменов.

БҰҰ Бас хатшысыныӊ көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа және ТМД елдері бойынша Аймақтық бюро директоры Джихан Сұлтаноглу бағдарламалық сөз сөйлеп, Еуропа және ТМД елдеріндегі адам ресурстарыныӊ тұрақты дамуы саласын ілгерілетудегі Оӊтүстік-Оӊтүстік және үшжақты ынтымақтастық туралы бірінші аймақтық есебімен таныстырды.

Форум барысында аймақтық ынтымақтасты нығайту бойынша нақты механизмдер ұсынылып, Оӊтүстік-Оӊтүстік бағытында білім және технологиялар алмасуда жеке секторды тартудыӊ жолдары кеӊірек қарастырылды.

Анықтамалық:Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өӊірлік хаб- аймақ елдерініӊ мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуыныӊ институционалды алаӊы. Қазіргі таӊда Хабқа 36 мемлекет, оныӊ ішінде Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және АСЕАН елдері қатысады. Оӊтүстік-Оӊтүстік ынтымақтастығы БҰҰ аясында әлемніӊ дамушы елдері арасында өзара қарым-қатынас пен ресурстар, технологиялар және білім алмасуды білдіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны