30.06.2006, 10:32 7216

Астанада парламент палаталарының осы сессиядағы соңғы бірлескен отырысы басталды

АСТАНА. 30-маусым. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының осы сессиядағы соңғы бірлескен отырысы басталды. Онда үшінші шақырылған парламенттің үшінші сессиясы жабылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырысқа мәжілістің 65, сенаттың 35 депутаты қатысып отыр. “Тиісті кворум қалыптасты”, деді бірлескен отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Отырысқа үкімет мүшелері, президентке есеп беретін мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңес пен басқа да мемлекеттік билік органдарының өкілдері қатысуда. Сессияның жабылуына республика үкімет басшысы Даниал Ахметов, президент әкімшілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбеков пен мемлекеттік хатшы Оралбай Ибдікәрімов келді.

Отырыста парламенттің сессия барысындағы жұмысы қорытындыланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны