24.04.2017, 20:00 4777

Астанада "Президенттік институт - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттіліктіӊ негізі" тақырыбында дөӊгелек үстел өтті

Екі іс-шараныӊ 24 сәуір күні өткізілуі кездейсоқ емес. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақстанда тұӊғыш рет Республика Президентініӊ лауазымы бекітілді және Жоғарғы Кеӊестіӊ шешімімен Н. И. Назарбаев ҚазКСР-ніӊ Президенті болып сайланды.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасында "Президенттік институт - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттіліктіӊ негізі" тақырыбында дөӊгелек үстел өтті.

Іс-шараға ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарыныӊ өкілдері(ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтыныӊ, ҚР Президентініӊ жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ және ҚСЗИ, ЖОО-ныӊ профессорлық-оқытушылық құрамы, т.б.), әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар саласындағы сарапшылар, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеӊесініӊ мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентініӊ депутаттары қатысты.

"Бүгінгі күнніӊ тарихи тағылымы мен рухани құндылығы тереӊ. 27 жыл бұрын 24 сәуірде қабылданған тағдырлы шешім қабылданып, президенттік институттыӊ іргетасы қаланды. Өміршеӊдігін дәлелдеген маӊызды қадам мемлекеттіліктіӊ негізіне айналып, тәуелсіздігіміздіӊ тұғырын бекіте түсті. Президенттік институттыӊ қазақстандық үлгісі - саяси-экономикалық дамудыӊ қозғаушы күші, қоғамды біріктірудіӊ нышаны. Еліміздіӊ табысты мемлекетке айналуы - көреген Елбасымыздыӊ және бір мақсатқа жұмылған халқымыздыӊ ерен еӊбегі", - деп атап өтті дөӊгелек үстелді ашқан Елбасы кітапханасы директорыныӊ орынбасары Бейсембай Жұмабеков.

Дөӊгелек үстел барысындаҚазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныӊ профессоры Зинаида Федотова еліміздегі президенттік институттыӊ қалыптасуы, тәуелсіз Қазақстанды дамытудыӊ күрделі және жауапты кезеӊдері туралы сөз қозғады: "Қазақстан президенттік басқару үлгісінде қалыптасудыӊ және дамудыӊ табысты жолынан өтті. Жас мемлекеттіӊ аяққа нық тұру және нығаю жылдары, дағдарысқа қарсы реформалар мен барлық қоғамдық салаларды жаӊғырту кезеӊдерінде мықты президенттік билік айрықша қажет еді. Бүгінде Қазақстан жаӊғырудыӊ жаӊа кезеӊіне қадам басқандықтан, мемлекеттілікті нығайту, демократияны одан әрі дамыту мәселесі өзекті. Қазақстандағы президенттік институт уақыт сынынан өтіп, мемлекетті саяси тұрақтылық пен қарышты экономикалық дамумен қамтамасыз етті".

Қазақстанныӊ тұӊғыш Сыртқы істер министрі (1991-1994 жж.) Төлеутай Сүлейменов президенттік институттыӊ арқасындадипломатиялық жетістіктерге қол жеткізілгенін ерекше атап өтті. "Елбасы Н.И. Назарбаев өзініӊ "Қазақстандық жол" кітабында мемлекеттік қызметтіӊ маӊызды саласы - дипломатияны басынан бастап құруға тура келгеніне назар аударады. Иуелі Қазақстанныӊ экономикалық әлеуетініӊ, оныӊ геосаяси орналасуыныӊ талдауын жасап, біздіӊ еліміздіӊ халықаралық қарым-қатынастағы рөлін және орнын анықтау талап етілді. Қазақстанныӊ ұзақмерзімді ұлттық мүдделерін нақты және толық түрде түзуге баса назар аударылды. Дипломатиялық құралдар арқылы еліміздіӊ ішкі дамуына қолайлы жағдайлар қалыптастыру қажет еді. Біздіӊ сыртқы саясат жалпы тұрақтылықты және қауіпсіздікті нығайтуға, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуға бағытталған. Біздіӊ дипломатияныӊ негізгі қағидалары белсенділік, теӊгерімділік, прагматизм, конструктивті диалог және жан-жақты ықпалдастық", - деді Төлеутай Сүлейменов.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, саясат ғылымдарыныӊ докторы Наталья Калашникованыӊ айтуынша, қазіргі мемлекеттердіӊ даму тиімділігі мықты, жауапты және креативті ұлттық көшбасшылармен анықталады. "Қазақстан үшін мұндай тұлға Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев екендігі даусыз. Оныӊ саяси ерік-жігері мен сарабдал саясаты Қазақстан халқын бірыӊғай азаматтық қоғамға біріктірді", - деді ол.

ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы кітапханасыныӊ жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымыныӊ докторы, профессор Ғазиз ТелебаевЕлбасыныӊ бастамасымен қолға алынғанбастамалар мен идеялар кеӊінен зерделетінін алға тартты. "Бүгінде "Мәӊгілік Ел" патриоттық актісі қабылданып, осы тұрғыда көптеген істер атқарылуда. Оныӊ аясындажалпыұлттықбірегейлікті қалыптастыру бірқатар жылдарға созылатын шаруа, оны қезеӊ-қезеӊмен атқарған жөн. Оған бүкіл қоғам атсалысқаны дұрыс. Еӊ бастысы - бірегейлікті қалыптастыру қоғамдық сананыӊ жаӊғыруын талап етеді. Оған Мемлекет басшысы"Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру"бағдарламалық мақаласында баса мән берген", - деп атап өтті ол.

Дөӊгелек үстелде конституциялық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасыныӊ саяси жүйесін жаӊғырту барысы кеӊінен талқыға салынды.

Дөӊгелек үстел қатысушылары президенттік институттыӊ қалыптасуы, оныӊ Қазақстандағы мемлекеттілікті құрудағы, этносаралық және дінаралық келісімді нығайтудағы, қоғамды біріктірудегі, жаһандық, аймақтық және ұлттық деӊгейде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлі мен маӊыздылығы талқыланды.

Дөӊгелек үстел қорытындысы бойынша қарар қабылданды. Баяндамалар негізінде материалдар жинағы жарық көреді.

Іс-шараға ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарыныӊ өкілдері (ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, ҚР Президентініӊ жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және ҚСЗИ,т.б.), әлеуметтік-саяси қарым-қатынастар саласындағы сарапшылар, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеӊесініӊ мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентініӊ депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ өкілдері, жоғарғы оқу орындарыныӊ профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Дөӊгелек үстел барысында президенттік институттыӊқалыптасуы, оныӊ этносаралық және дінаралық келісімді нығайтудағы рөлі мен маӊыздылығы, қазақстандық және әлемдік тәжірибедегі сабақтастық, конституциялық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасыныӊ саяси жүйесін жаӊғырту барысы кеӊінен талқыға салынды.

Дәл осы күні сағат 17.00-де "Дәуір тоғысында" атты қор көрмелер циклініӊ ашылуы өтті. Көрме циклі Қазақстан Республикасындағы президенттік институттыӊ қалыптасуы мен дамуы тарихын мәтіндік материалдар, фотосуреттер, кітаптар және жәдігерлер арқылы кеӊінен көрсетуді мақсат тұтады.

Экспозицияда алғаш рет кілем және бейнелеу өнері жиынтығынан ерекше кілемдер мен тұс киіздердіӊ үлгілері ұсынылды. Бұл бұйымдар Н.И. Назарбаевқа мемлекет және үкімет басшыларынан, елшілерден, шетелдік делегациялар мен Қазақстан тұрғындарынан сыйға тартылған. Жиынтықтар жәдігерлерінен Қазақстан Республикасыныӊ дипломатиялық қатынастарыныӊ кеӊістігін және Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ басқаруындағы еліміздіӊ жоғары беделін байқауға болады.

Екі іс-шараныӊ 24 сәуір күні өткізілуі кездейсоқ емес. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақстанда тұӊғыш рет Республика Президентініӊ лауазымы бекітілді және Жоғарғы Кеӊестіӊ шешімімен Н. И. Назарбаев ҚазКСР-ніӊ Президенті болып сайланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны