13.05.2014, 21:05 3354

Астанада прокуратура органдарының жас мамандарына арналған курстар өтуде

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың қатысуымен прокуратура органдары жас мамандарының кәсіби деңгейін арттырудың бірінші республикалық курсы ашылды.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың қатысуымен прокуратура органдары жас мамандарының кәсіби деңгейін арттырудың бірінші республикалық курсы ашылды.

Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Құқық қорғау органдарының құқықтық саясаты тұжырымдамасын жүзеге шеңберінде қадағалау органдарының алдына қойылған басты міндеттердің бірі тиімді кадрлық әлеуетті қалыптастыру және нығайту болып табылады, деп Бас прокуратурада хабарлады.

Сондай-ақ Президент Икімшілігінің өкілдері, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жетекшілері, прокуратура органдарының ардагерлері жас мамандарға жылы лебіздерін білдірді.Сондықтан жас мамандарды даярлау және олардың кәсіби қалыптасу мәселелері ерекше маңыздылыққа ие болады.

Жас прокурорларға арнап сөз сөйлей отырып, А.Дауылбаев оларға әрдайым қойылатын талаптарға жоғары деңгейде сәйкес келуге, өздерінің қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауға, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің күзетінде болуға, күнделікті еңбекпен прокуратураның беделін нығайтуға, прокурорлық этиканың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, прокурорлық кәсіптің керемет дәстүрлерін көбейтуге шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны