02.06.2014, 20:15 1169

Астанада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етілді

Митинг аясында мұражайдың арнайы залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, "Алжирдің танымал есімдері" деген атпен көрме ұйымдастырылды.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. АЛЖИР мемориалды-мұражайында зұлмат заман құрбаны болған бабалардың құрметіне митинг өтті және Еске алу тақтасының алдына гүл шоқтары қойылды.

Шараға әкімдіктің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломаттар, репрессияға ұшырағандардың ұрпақтары қатысты, деп "Бәйтерек" медиа-орталығынан хабарлады.

Митинг аясында мұражайдың арнайы залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, "Алжирдің танымал есімдері" деген атпен көрме ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, келемін деушілер үшін Сәкен Сейфуллин мұражайы да өз есігін айқара ашты. Сәкен Сейфуллиннің ескерткішінің алдында астаналық студенттер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті.

Ал, "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументінің алдына гүл шоқтары және Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрдың әртістері Шыңғыс Айтматовтың "Ғасырдан да ұзақ күн" спектаклін қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны