15.09.2006, 14:02 2811

Астанада Сауд Арабиясының гранты есебінен салынған сенаттың жаңа ғимаратын елімізге табыс ету рәсімі өтті

АСТАНА. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Сауд Арабиясының гранты есебінен салынған сенаттың жаңа ғимаратын елімізге табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Шараға қатысқан Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің төрағасы Салех бен Абдалла бен Мухаммед бен Хумейд ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Ибіқаевпен кездесуде Сауд Арабиясының Королі Абдулла бен Абдул Изиз бен оның тақ мұрагері Сұлтан бен Абдул Изиздің және бүкіл сауд халқының атынан Қазақстанға деген ыстық ықыласты сәлемін жеткізді. "Бүгін біз қазақстандық бауырларымыздың арасында бұл құрметті елдің гүлденуі мен дамуының куәсі болып отырмыз. Тарихи оқиғаға қатыса отырып, бауырлас қазақ халқының дамуына қолдауымызды білдіреміз. Қазақстан мен Сауд Арабстаны арасындағы бүгінгі таңдағы қарым-қатынас Орталық Азия елдеріне үлгі боларлықтай", деді Салех Хумейд.

"Кеше ғана елімізде Илемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі болып өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткен бұл жиынды Сауд Арабиясы Корольдігі де қолдады. Оның үстіне бүгінгі Қазақстанның жаңа астанасына көмек ретінде араб елінің грантымен салынған сенат ғимараты да Елорданың ажарын аша түсетін болады", деді сенат төрағасы кездесу барысында.

Сондай-ақ, парламентшілердің атынан алғысын жеткізген Н. Ибіқаев еліміз егемендік алғаннан бері Сауд Арабиясының Қазақстанды жан-жақты қолдап, тараптар арасындағы ынтымақтастықтың үлкен өарқынмен дамып келе жатқандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны