20.12.2017, 21:43 4008

Астанада шетелдіктерге көші-қон мәселесіне қатысты қызметтер көрсететін ХҚКО ашылады

Биыл Астанада шетелдіктерге көші-қон мәселесіне қатысты қызметтер көрсететін ХҚКО және Көкшетау мен Семейде автокөліктерді тіркеу және жүргізушілік куәлігін беру қызметін көрсететін фронт-офистер ашамыз. Ал келесі жылдыӊ басында Орал мен Атырау қалаларында да дәл сондай мамандандырылған ХҚКО ашуды жоспарлап отырмыз",- деді Оспанов.

Астана. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today -"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көші-қон мәселесіне қатысты халыққа қызмет көрсету орталығын (ХҚКО) іске қосады. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту мақсатында аз уақыттыӊ ішінде Қазақстан бойынша тағы төрт фронт-офис ашылады.

Бұл туралы бүгін мемлекеттік корпорацияныӊ басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов Үкімет отырысында мәлімдеді. "Биыл Астанада шетелдіктерге көші-қон мәселесіне қатысты қызметтер көрсететін ХҚКО және Көкшетау мен Семейде автокөліктерді тіркеу және жүргізушілік куәлігін беру қызметін көрсететін фронт-офистер ашамыз. Ал келесі жылдыӊ басында Орал мен Атырау қалаларында да дәл сондай мамандандырылған ХҚКО ашуды жоспарлап отырмыз",- деді Оспанов.

Жыл аяғына дейін іске қосылатын Көші-қон ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тіркеу қызметтерін "Азаматтарға арналған үкіметтіӊ" мамандары көрсетеді. Нәтижесінде, көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер де "бір терезе" принципі бойыншабекітілген стандартқа сай ұсынылатын болады.

Қазіргі таӊда мемлекеттік корпорация аясында Қазақстан бойынша 349 фронт-офиспен 637 бэк-офис, 12 мамандандырылған ХҚКО мен 70 мобильді ХҚКО жұмыс істейді. Мемлекеттік қызмет көрсетудіӊ бірыӊғай провайдері ретінде құрылған ұйымныӊ 21 мыӊға тарта маманы халыққа жылына 37 миллионнан астам қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтердіӊ дені ХҚКО бөлімшелері, яғни фронт-офистер арқылы көрсетіледі. Бэк-офистер зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептейді,жылжымайтын мүліктіӊ техникалық сипаттамасы мен жер кадастрын жүргізеді, жердіӊ топырағы мен агрохимиялық зерттеуін жасайды. Мобильді ХҚКО мемлекеттік қызметтерді шалғай елді-мекендердіӊ тұрғындарына ұсыну үшін құрылған. Ал мамандандырылған ХҚКО автокөліктерді тіркеу және жүргізушілік куәлігін беру қызметін көрсетеді.

Сондай-ақ, биыл 20 желтоқсанда халықтыӊ цифрлық сауатын ашу мақсатында Астана қаласында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында тегін оқу сыныбы ашылды. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға www.egov.kz электрондық үкімет порталын пайдалану жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтерге өз бетінше қол жеткізуге үйретеді. Бір сағатты құрайтын электрондық сауат ашу курсына кез-келген адам қатыса алады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны