24.01.2017, 20:57 4819

Астанада Сириялық реттеу бойынша халықаралық кездесу аяқталды

Онда Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Қазақстанныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ үндеуін оқыды.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астанада Сириялық реттеу бойынша халықаралық кездесу аяқталды, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Астанада Сириялық реттеу бойынша халықаралық кездесу басталған болатын.

Онда Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Қазақстанныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ үндеуін оқыды.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Сириялық реттеу бойынша Халықаралық кездесудіӊ қатысушыларына үндеуініӊ мәтінінде былай делінген:

"Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздердіӊ қатысушыларына сәлемімді жолдаймын.

Сирияда орын алып отырған күрделі жағдай бүкіл әлем жұртшылығыныӊ назарын өзіне аударуда. Алты жылға жуық уақыт бойы жалғасып келе жатқан қанды қақтығыс түрлі өркениеттер мен мәдениеттер тоғысқан киелі өлкеге қайғы-қасіреттен басқа ешнәрсе алып келмегенін мойындауға тура келеді.

Қазақстан бейбітсүйгіш мемлекет және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыс өӊірінде қауіпсіздік пен тұрақтылықтыӊ орнатылуына және нығаюына мүдделі.

Бүгінгі басқосу халықаралық қоғамдастықтыӊ Сириядағы жағдайды бейбіт түрде реттеуге бағытталған жігер-ынтасыныӊ айқын көрінісі болып табылады. Қазақстан Сириядағы жағдайды реттеудіӊ жалғыз дұрыс жолы - өзара сенім мен түсіністікке негізделген келіссөздер болуы қажет деп санайды.

Біздіӊ еліміздіӊ бүгінгі келіссөздерді өткізу орны ретінде таӊдалуы кездейсоқ емес. Өздеріӊіз білетіндей, 2015 жылы Астанада бірқатар сириялық оппозиция топтары келіссөздерініӊ екі раунды өтті.

Сирия халқына түскен ауыртпашылықты жеӊілдету мақсатында сириялық босқындарға 700 мыӊ доллардан астам көлемде қаражат бөлдік, жақында 500 тоннаға азық-түлік түрінде ізгілік көмек жолдадық.

Астанадағы кездесу барлық мүдделі тараптардыӊ Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ аясында Женева үдерісініӊ шеӊберінде сириялық дағдарысқа қатысты оӊтайлы шешім табуына қажетті алғышарттарды қамтамасыз етіп, Сирия жерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату ісіне лайықты үлес қосады деген сенім білдіремін.

Бүгінгі келіссөздерініӊ нәтижелі әрі жемісті болуына тілектеспін!",- деді Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны